Қойындыны таңдау
ESET HOME – Мазмұны

Құрылғыны жою

Жазылым шегіне жеткенде немесе артық пайдаланылғанда, енді пайдаланылмайтын құрылғыларды өшіру және жою арқылы кейбір жазылым орындарын босату керек. Құрылғыны ажыратқаннан кейін, оның қауіпсіздігін ESET HOME есептік жазбасында басқаруға және қарауға болмайды.


Маңызды

Басқа құрылғыға белсендіру бірлігін босату үшін пайдаланылмаған ESET өнімін жоюды ұсынамыз.

Осы тарауда келесілер туралы оқуға болады:

Құрылғыны жылыстаған жазылымнан алып тастау және белсендіру кілтін қайта орнату

Құрылғыларды белгілі бір жазылымнан алып тастау

Құрылғыны өшірмей ажырату

Құрылғыны жылыстаған жазылымнан алып тастау және белсендіру кілтін қайта орнату

Жылыстаған жазылымнан құрылғыларды жою және белсендіру кілтін қалпына келтіру үшін төмендегі нұсқауды орындаңыз:

1.ESET HOME веб-порталына кіріңіз.

2.Бүйірлік мәзірде Жазылымдар түймешігін басыңыз.

3.Тиісті жазылымның жанындағы тісті дөңгелек белгішесі Тісті дөңгелек белгішесі > Қорғалған құрылғыларды басқару опциясын басыңыз.

4.Құрылғыларды басқару түймешігін басыңыз.

5.Қолданылатын құрылғыларды таңдаңыз немесе Барлығын таңдау құсбелгісін қойыңыз.


Ескерту

Экранда көрсетілген кейбір құрылғыларды танымасаңыз, Белсендіру кілтін қайта орнату құсбелгісін қойыңыз.

6.Таңдалған құрылғыларды алып тастау түймешігін басыңыз.

7.Таңдалған құрылғылар алынып тасталады. ESET өнімдерінің жазылымының ажыратылуына алты сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін. Аяқтау түймешігін басыңыз, сонда жаңа белсендіру кілті электрондық пошта мекенжайына жіберіледі және экранда көрінеді.

8.Барлық заңды құрылғыларды жаңа белсендіру кілті немесе ESET HOME есептік жазбасына кіру деректерімен қайта белсендіріңіз.


Маңызды

Бұдан былай жылыстаудың орын алмауын қамтамасыз ету үшін сізге ESET HOME құпия сөзді өзгерту (home.eset.com ішіне кіру үшін қолданылған) ұсынылады. Сонымен қатар ESET HOME есептік жазбаңыздың қауіпсіздігін арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны белсендіруді ұсынамыз.

Құрылғыларды белгілі бір жазылымнан алып тастау

1.ESET HOME қолданбасына кіріңіз.

2.Бүйірлік мәзірде Жазылымдар түймешігін басыңыз.

3.Тиісті жазылымның жанындағы тісті дөңгелек белгішесі Тісті дөңгелек белгішесі > Қорғалған құрылғыларды басқару опциясын басыңыз.

4.Құрылғыларды басқару түймешігін басыңыз.

5.Қолданылатын құрылғыларды таңдаңыз немесе Барлығын таңдау құсбелгісін қойыңыз.

6.Таңдалған құрылғыларды алып тастау түймешігін басыңыз.

Құрылғыны өшірмей ажырату

Құрылғыда орнатылған ESET өнімі ажыратылады, бірақ жойылмайды және құрылғы қорғалған күйде қала береді.

ESET өніміндегі ESET HOME

Құрылғыңыздағы ESET өнімі арқылы ESET HOME есептік жазбасынан шығыңыз. ESET өнімі белсенді күйінде қалады:

1.ESET бастапқы өнімінің негізгі бағдарлама терезесін ашыңыз.

2.ESET HOME > ESET HOME есептік жазбасынан ажырату опциясын басыңыз.

3.Ажырату түймешігін басыңыз.