Қойындыны таңдау
ESET HOME – Мазмұны

Құрылғыны мүшеге тағайындау

Барлық құрылғылар бөлімінде үйде пайдаланатын қатысушыға әлі тағайындалмаған белсенді антивирустық қорғанысы бар көптеген құрылғыларды көре аласыз. Құрылғылар тізімін ретке келтіру үшін осы құрылғылардың әрқайсысын үйде пайдаланатын қатысушыға тағайындаңыз, бұл белгілі бір құрылғыны кім пайдаланатынын анықтауға көмектеседі.

Құрылғыны үйде пайдаланатын қатысушыға тағайындау


Ескертпе

Құрылғыны қатысушыға байланыстыру

Үйде пайдаланатын қатысушыға тағайындағыңыз келетін құрылғыда антивирустық қорғау қызметі белсендірілгеніне және ESET HOME есептік жазбаңызбен байланысты екеніне көз жеткізіңіз.

1.ESET HOME есептік жазбаңызға кіріңіз.

2.Қатысушылар > Барлық құрылғылар опциясын басыңыз.

3.Байланыстырылған қатсушысы жоқ құрылғылар бөлімінде тағайындағыңыз келетін құрылғыны басыңыз.

4.Параметрлер бөлімінде Байланыстырылған қатысушы опциясын басыңыз. Қатысушылардың тізімі көрсетіледі. Бұрыннан бар үйде пайдаланатын қатысушыны таңдаңыз немесе Қатысушыны қосу түймешігін басу арқылы жаңасын жасаңыз. ESET HOME есептік жазбаңызбен әлі байланыстырылмаған құрылғыны тағайындау қажет болғанда, мына қадамдарды орындаңыз.

arrow_down_homeҚатысушыны қосу опциясын таңдау

5.Құрылғыны байланыстыру түймешігін басыңыз. Құрылғыны отбасы мүшесімен сәтті байланыстырғаныңыз туралы хабарланады.

6.Түсінікті түймешігін басыңыз.

Құрылғы сіздің ESET HOME есептік жазбаңызбен байланыстырылмайды

Құрылғыны үйде пайдаланатын қатысушыға жоспарланғандай тағайындау үшін ESET HOME қашықтан байланыстыруды талап етеді.

1.Жоғарыдағы 4-қадамда құрылғыны тағайындағыңыз келетін қатысушыны таңдағаннан кейін, құрылғыны ESET HOME есептік жазбаңызға қосу үшін Құрылғыны хабарландыру түймешігін басыңыз.

2.Берілген құрылғыға хабарландыру жіберіледі. Түсінікті түймешігін басып, хабарландырудағы нұсқауларды орындаңыз.

3.Сәтті байланыстырылғаннан кейін, ESET HOME қолданбасына оралып, құрылғыны үйде пайдаланатын қатысушыға тағайындаңыз.