Қойындыны таңдау
ESET HOME – Мазмұны

Құрылғылар

Бұл бөлімде ESET HOME есептік жазбаңзға қосылған немесе жазылымдарыңызбен белсендірілген барлық құрылғыларға толық шолу ұсынылады (оларды отбасының қай мүшесі пайдаланатынына қарамастан). Барлық құрылғыларды бір жерге орналастыру үйдегі қолданысты басқаруды жеңілдетеді және құрылғылардың қорғанысының нақты көрінісін қамтамасыз етеді.

Барлық құрылғыларды/сервер құрылғыларын қарау

ESET HOME есептік жазбаңызға кіргеннен кейін Қатысушылар > Барлық құрылғылар опциясын басыңыз. Бұл терезе құрылғыларды келесідей санаттарға жіктейді:

ешбір қатысушыға тағайындалмайтын ESET HOME есептік жазбаңызбен байланыстырылған құрылғылар

ешбір қатысушыға тағайындалмайтын ESET HOME есептік жазбаңызбен байланыстырлған жазылым арқылы белсендірілген құрылғылар

қатысушыларды тағайындау арқылы реттелген, қатысушыларға тағайындалған, ESET HOME есептік жазбаңызбен байланыстырылған құрылғылар

Әрбір қосылған құрылғы өзінің бірегей атауымен көрсетіледі. Белгілі бір мүмкіндікпен қорғалған құрылғы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты көрсету үшін тізімнен белгілі бір құрылғыны басыңыз.