Қол жетімді орын жоқ
ESET Anti-Theft келесі себептерге байланысты құрылығының орынын анықтай алмауы мүмкін:
1.Құрылғыдан деректер жинақталмады.
Деректер құрылғы жоғалды деп танылғанда ғана жинақталады. Құрылғыны жоғалды деп белгілеу үшін Құрылғым жоғалды түймешігін құрылғының Күй қойындысында басыңыз.
2.Жоғалған құрылғы интернетке қосылмаған.
Құрылғы орнын анықтау үшін ESET Anti-Theft үшін интернетке қосылуы қажет.
3.Құрылғы орнына қатысты деректер жеткіліксіз.
Сабырлы болыңыз және құрылғы орнын анықтау үшін ESET Anti-Theft қажетті деректерді жинау үшін уақыт беріңіз..
4.Құрылғы орнына қатысты деректер жоқ.
Құрылғы ұзақ уақыт бойына жоғалса және орны әлі де анықталмаса, құрылғыны IP мекенжайы арқылы анықтауға болады (төмен қараңыз).
Құрылғының IP мекенжайы
Құрылғыға қатысты ақпарат болмаса, құрылғыны құрылғыдан келесі желі қызметін пайдалана отырып алынған IP мекенжайларымен орнатып көруге болады (IP мекенжайлары қойындысын қараңыз): www.who.is
Құрылғы ұрланған жағдайда, анықталған жалпы IP мекенжайының Интернет жеткізушісі құқық қорғау органы арқылы құрылғыны NAT (Интернеттен көрінбейді) артындағы жеке IP мекенжайын қолдану арқылы табуға көмектеседі.