Екі факторлы аутентификация
Екі факторлы аутентификация (2FA) ESET HOME есептік жазбасының және қол жеткізілетін деректердің қауіпсіздігін арттырады. Екі факторлы аутентификация іске қосылғаннан кейін, ESET HOME құпия сөзін енгізген соң смартфонға немесе планшетке аутентификация бағдарламасы жасаған бірегей 6 таңбалы қауіпсіздік кодын енгізу қажет. Екі факторлы аутентификацияны төмендегі нұсқауларға сәйкес кез келген уақытта орнатыңыз:
Аутентификация қолданбасы, мысалы, ESET Secure Authentication қолданбасы смартфонда немесе планшетте орнатылған болуы керек. ESET Secure Authentication дегеніміз Android, iOS және Windows Phone ресми қолданба дүкендерінде қолжетімді тегін аутентификация қолданбасы. ESET HOME қолданбасы екі факторлы аутентификация үшін қолданылатын TOTP (уақыты шектеулі бір реттік құпия сөз) протоколын қолдайды. Google Authenticator немесе Authy сияқты мобильді құрылғылармен үйлесімді кез келген қолданбаны пайдалануға болады. |
ESET HOME веб-порталында екі факторлы аутентификацияны іске қосу
ESET HOME қолданбасына екі факторлы аутентификацияны орнату туралы қадамдап орындалатын көрнекі нұсқауларды ESET білім базасы мақаласынан көріңіз (бұл мақала барлық тілдерде қолжетімді емес). |
1.https://home.eset.com/account сілтемесін ашыңыз.
2.Қауіпсіздік параметрлері бөлімінде Екі факторлы аутентификация жанындағы Орнату түймешігін басыңыз.
Әлеуметтік желімен кіру Әлеуметтік желімен кіру қызметі әдепкі бойынша ESET HOME құпия сөзін жасамаған. Екі факторлы аутентификацияны орнату үшін біреуін жасау керек. Жалғастыру түймешігін басып, электрондық поштаңыздың мекенжайына ESET жіберген нұсқауларды орындаңыз. |
3.Экранда қолмен енгізілетін кодты қамтитын QR код көрсетіледі. Смартфонда немесе планшетте аутентификация қолданбасын ашып, QR кодты сканерлеңіз немесе QR код астында көрсетілген кодты қолданбаға қолмен енгізіңіз.
4.ESET HOME порталында Жалғастыру түймешігін басыңыз.
5.Аутентификация қолданбасынан алынған 6 сандық кодты теріп, Жалғастыру түймешігін басыңыз.
6.Бір рет пайдаланылатын он қалпына келтіру коды қарастырылған. Аутентификация қолданбасына кіру мүмкіндігі болмаған кезде ESET HOME есептік жазбасына кіру үшін қалпына келтіру кодын пайдаланыңыз. Оларды құрылғыңызға сенімді сақтау үшін Кодтарды жүктеп алу түймешігін басып, оларды қауіпсіз жерде (мысалы, Vault қызметінде) сақтаңыз және Баптауды аяқтау түймешігін басыңыз.
7.ESET HOME есептік жазбаңыз үшін екі факторлы аутентификация іске қосылған. Алдым түймешігін басыңыз.
ESET HOME веб-порталындағы екі факторлы аутентификацияны өзгерту
1.https://home.eset.com/account сілтемесін ашыңыз.
2.Қауіпсіздік параметрлері бөліміндегі Екі факторлы аутентификация жанындағы Өзгерту түймешігін басыңыз.
3.ESET HOME құпия сөзін енгізіңіз.
4.Аутентификация қолданбасынан алынған 6 сандық кодты теріп, Жалғастыру түймешігін басыңыз.
5.Қолданылатын екі факторлы аутентификацияны өзгертіңіз:
•Екі факторлы аутентификацияны өшіру
8.Екі факторлы аутентификацияны өшіру түймешігін басыңыз. 9.Екі факторлы аутентификация функциясы өшіп, есептік жазбаңыз қорғалмаған күйде қалады. Алдым түймешігін басыңыз. |
•Қалпына келтіру кодтары
8.Қалпына келтіру әдісі жанындағы Қалпына келтіру кодтары түймешігін басыңыз. 9.Қалпына келтіру кодтарын құрылғыңызға .txt файлы ретінде сақтау үшін, Кодтарды жүктеп алу түймешігін басыңыз. Егер кодтардың көпшілігін пайдаланып қойған болсаңыз, Жаңа кодтар алу түймешігін басыңыз. |
•Есте сақталатын құрылғыларды ұмыту
8.ESET HOME веб-порталы мен қолданбадан барлық есте сақталған кіру туралы деректерді жою және кірген сайын екі факторлы аутентификация сұралуы үшін Жалғастыру түймешігін басыңыз. 9.Барлық құрылғылардағы есте сақталған кіру туралы деректер ұмытылады. Алдым түймешігін басыңыз. |
ESET HOME есептік жазбасына кіруге арналған аутентификация әдістері
Егер есептік жазбаңызға екі факторлы аутентификация орнатылған болса, ESET HOME есептік жазбаңызға кіру үшін екі әдістің бірін пайдаланыңыз:
•Екі факторды аутентификациямен кіру – ESET HOME құпия сөзімен кірген соң аутентификация қолданбасынан алынған қосымша 6 сандық кодты енгізуіңіз керек. Бұл құрылғыны 30 күнге есте сақтау құсбелгісін таңдаңыз, сонда осы құрылғыда сізден екі факторлы аутентификация 30 күн бойы сұралатын болады. Кіру үшін Жалғастыру түймешігін басыңыз.
•8 сандық қалпына келтіру кодтарыңыздың бірін енгізіңіз – Қалпына келтіру кодтары екі факторлы аутентификация орнатылған кезде көрсетіледі. Жүктеп алынған осы кодтардың бірін енгізіп, ESET HOME есептік жазбасына ойдағыдай кіру үшін Жалғастыру түймешігін басыңыз.
Егер екі факторлы аутентификация құрылғысына қатынасу мүмкіндігі жоғалса және қалпына келтіру кодтары қолжетімді болмаса, ESET техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз. |