ESET онлайн анықтамасы

Санатты таңдаңыз
Тақырыпты таңдаңыз

Хабарландырулар

Хабарландырулар ESET HOME Есептік жазба, Құрылғылар және Жазылымдар мәселелерінен жасалады. Алынған барлық хабарландыру хабарландырулар орталығында көрсетіледі және күні бойынша сұрыпталады. Хабарландырулар орталығын ашу үшін ESET HOME веб-порталына кіргеннен кейін, жоғарғы бұрыштағы Хабарландырулар белгішесін басыңыз. Бұл бөлімде Барлық немесе Оқылмаған хабарландыруларды көрсетуді таңдауға болады. ESET HOME қолданбасында хабарландыруларға рұқсат беру үшін Қолданба параметрлері тарауына кіріңіз.

Мәселе ауырлығына байланысты хабарландыру аласыз:

Көк белгішесіinfo_icon бар хабарландыру: ақпараттық, мысалы, құрылғы жазылымға қосылды.

Сары белгішесіimportant_icon бар хабарландыру: маңызды, мысалы, жазылым мерзімі аяқталғалы жатыр.

Қызыл белгішесіalert_icon бар хабарландыру: дабыл, мысалы, жазылым мерзімі аяқталды.

Оқылмаған хабарландырулар болса, ESET HOME порталының немесе қолданбасының хабарландыру белгішесінде саны бар танымбелгі пайда болады.

notifications

Нақты бір хабарландыруды жою

Хабарландыруды порталдағы немесе қолданбадағы хабарландырулар орталығынан ғана қолмен жоюға болады. Хабарландырулар орталығынан өшірілмесе, мәселе шешілген кезде, өздігінен өшеді.

1.ESET HOME веб-порталына немесе MyESET_FavIcon_64x64-01-01 қолданбасына кіріңіз.

2.Хабарландырулар орталығын ашыңыз.

3.X түймесін басыңыз. Хабарландыру енді көрсетілмейді.

Барлық хабарландыруды жою

Бір немесе бірнеше хабарландыру болған кезде, Хабарландырулар орталығында барлық хабарландыруды жою опциясы қолжетімді болады.

1.ESET HOME веб-порталына немесе MyESET_FavIcon_64x64-01-01 қолданбасына кіріңіз.

2.Хабарландырулар орталығын ашыңыз.

3.Жоғарғы бұрыштағы қызыл Барлығын жою опциясын басыңыз.

4.Растау терезесіндегі Жою түймесін басыңыз.

5.Алдым түймешігін басыңыз.


important

Хабарландырулардың жойылуы және хабарландыру белгішесінде белгінің болмауы мәселені шешкеніңізді білдірмейді. Мәселе шешілгенге дейін нақты құрылғының немесе жазылымның астында көрсетіледі.