ESET Small Business Security – Мазмұны

ESET Small Business Security Бағдарламасымен жұмыс істеу

ESET Small Business Security негізгі бағдарлама терезесі екі бөлімнен тұрады. Негізгі мәзір мен мазмұн аймағы, онда таңдалған мәзір опциясына сәйкес ақпарат көрсетіледі.

ESET Small Business Security Бағдарламасының пайдаланушылық интерфейсінің түстер схемасын негізгі бағдарлама терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышында таңдауға болады. Кішірейту белгішесінің жанындағы Түстер схемасы белгішесін (белгіше қазіргі уақытта таңдалған түстер схемасы негізінде өзгереді) басып, ашылмалы мәзірден түстер схемасын таңдаңыз:

Жүйе түсімен бірдей – Операциялық жүйе параметрлерінің негізінде ESET Small Business Security түстер схемасын орнатады.

Қараңғы – ESET Small Business Security үшін қара түстер схемасы (қараңғы режим) қолданылады.

Жарық – ESET Small Business Security үшін стандартты, ашық түсті схема қолданылады.

Қорғау күйі

Негізгі мәзір опциялары

Шолу – ESET Small Business Security бағдарламасының қорғау күйі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді.

Құрылғыны сканерлеу: құрылғыны сканерлеу әрекетін конфигурациялап, іске қосуға немесе арнаулы сканерлеу әрекетін жасауға мүмкіндік береді.

Жаңарту – Модуль мен анықтау механизмінің жаңартулары туралы ақпаратты көрсетеді.

ҚұралдарЖелі инспекторына және бағдарлама басқаруды жеңілдетуге көмектесетін және озық пайдаланушылар үшін қосымша опцияларды ұсынатын басқа  мүмкіндіктеріне қатынасу мүмкіндігін береді.

Орнату: ESET Small Business Security қорғаныс функцияларына (Құрылғы қорғанысы, интернет қорғанысы, желі қорғанысы және қауіпсіздік құралдары арналған конфигурация опцияларын және Кеңейтілген орнату) кіру рұқсатын қамтамасыз етеді.

Анықтама және қолдау – жазылым, орнатылған ESET қолданбасы және Онлайн анықтама, ESET білім базасы және Техникалық қолдау қызметі бөлімдеріне апаратын сілтемелер туралы ақпаратты көрсетеді.

ESET HOME есептік жазбасыҚұрылғыңызды ESET HOME есептік жазбасына қосыңыз немесе ESET HOME есептік жазбасы байланысының күйін тексеріңіз. ESET HOME Бағдарламасын Anti-Theft параметрлерін және белсендірілген ESET жазылымы мен құрылғыларын көру және басқару үшін пайдаланыңыз.