Жылыстаған құпия сөз
Есептік жазбаңызды шабуылдардан қорғауға көмектесу үшін ESET бағдарламасы есептік жазбаға кірген немесе жаңа ESET HOME есептік жазбасын жасаған сайын құпия сөзіңізді тексеріп, деректерге қол сұғудың болған-болмағанын тексереді.
Егер ESET HOME ағымдағы ESET HOME есептік жазбасының құпия сөзі қол сұғылған есептік жазбалар дерекқорында пайда болғанын ескертсе, бұл құпия сөздің ESET арқылы жылыстағанын білдірмейді. Демек, құпия сөзіңіз әр түрлі интернеттегі деректерге қол сұғу туралы ақпарат жинайтын дерекқорлардың бірінде байқалды. Бұл құпия сөз дерекқорлары интернеттегі шабуылдаушылар үшін қолжетімді, бұл шабуылдаушылардың есептік жазбаңыға қол сұғуын оңайлатады.
Құпия сөзім жылыстаған болса не болады?
1.Жаңа құпия сөз жасау.
Құпия сөздің ұзындығы кемінде 10 таңба болуы тиіс және оның құрамында кіші әріп, бас (ҮЛКЕН) әріп және кемінде бір сан болуы керек. Күшті құпия сөз жасау үшін ESET құпия сөз генераторын қолданыңыз. |
2.Егер құпия сөз деректердің жылыстауына ұшыраса, онда бірдей құпия сөз пайдаланылатын барлық қызметтер де қауіп-қатерге ұшырайды. Біз оны жаңа бірегей құпия сөзге өзгертуді ұсынамыз. Барлық құпия сөздеріңізді қорғау және қауіпсіздікте сақтау үшін ESET Password Manager пайдалануды бастаңыз.
ESET HOME есептік жазбаңыздың қауіпсіздігін арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны белсендіруді ұсынамыз. |