Параметрлер
ESET Mobile Security қолданбасындағы Anti-Theft параметрлері ESET Mobile Security қолданбасындағы Anti-Theft параметрлері туралы толығырақ ESET Mobile Security онлайн анықтамамыздан оқыңыз. |
Бұл бөлімде келесі әрекеттерді жүзеге асыра аласыз:
•Құрылғы атауын өзгерту
•Құрылғыға көріну айқындылығын жақсарту үшін белгіше тағайындау
•Жоғалған құрылғы үшін қарап шығу интервалын өзгерту
•Хабарландыру хабарларының қайсысы белсенді екенін таңдау
Фантом есептік жазбаның күйі – Әдепкіде, Phantom есептік жазбасы жасалмайды. Жасау түймешігін басып, тиісті Phantom Windows есептік жазбасының атын теріңіз. Бұл опция тек Windows құрылғылары үшін қолжетімді.
Қарап шығу интервалы – Күдікті күйде болған кезде, ESET Anti-Theft жұмыс үстеліңізден не веб-камераңыздан скриншоттарды түсіреді және географиялық деректерді мезгіз-мезгіл жазып отырады.
Құрылғы бақылау деректерін жібере бастағаны туралы хабарландыру – Деректер алғаш рет Әрекет қойындысында қолжетімді болғанда, сіз электрондық хабарландыру аласыз. Жоғалу күйін қалыпты күйге немесе керісінше келтірмейінше, басқа электрондық хабарлар келмейді.
Күдікті күй туралы хабарландыру – Құрылғыңыздың күйі Күдікті күйіге өзгергенде, сіз электрондық хабарландыру аласыз.
Жоғалу күйі мерзімінің аяқталуы туралы хабарландыру – Мерзімінің аяқталуына бес күн қалғанда, бақылау мерзімін электрондық хат арқылы ұзарту сұралады (тек жоғалу күйінде).
Соңғы белгілі орын — ESET Anti-Theft мүмкіндігі батарея қуаты төмендеген кезде құрылғының орын деректерін сақтайды. Бұл опция тек Android құрылғылары үшін қолжетімді.
Қауіпсіздік құпия сөзі – Бұл опция тек ESET Mobile Security бағдарламасының алдыңғы нұсқалары бар Android құрылғылары үшін қол жетімді. Құрылғының қауіпсіздік құпия сөзін ESET Anti-Theft порталында өзгертуге болады.
Құрылғы құлпын ашу – Қосымша ақпарат алу үшін ESET Mobile Security онлайн анықтамасын қараңыз.
ESET Anti-Theft бағдарламасын өшіру – Егер ESET Anti-Theft бағдарламасын өшірсеңіз, ESET Anti-Theft бағдарламасы құрылғыны одан әрі қорғамайды және құрылғыны бақылау тоқтатылады. Егер құрылғы әлдеқашан табылып, оның басқару мүмкіндігін сақтағыңыз келсе, Жоғалмаған опциясын таңдаңыз. Бұл опция тек Android құрылғылары үшін қол жетімді.
Құрылғыны жою – Бұл әрекет құрылғыға қатысты барлық деректерді жояды. Клиент жүйесіне енгізілген барлық өзгертулер ол тек желіде пайда болғаннан кейін орын алады.