ESET онлайн анықтамасы

Санатты таңдаңыз
Тақырыпты таңдаңыз

Пайдалану шарттары

2023 жылғы 15 қарашада күшіне енеді | Пайдалану шарттарының алдыңғы нұсқасын қараңыз | Өзгерістерді салыстыру

Осы Пайдалану шарттары («Шарттар») кеңсесі Einsteinova 24, 85101 Bratislava, Slovak Republic мекенжайында тіркелген, Братислава I аудандық сотының Sro бөлімі басқаратын Сауда реестрінде № 3586/B нөмірімен тіркелген (кәсіпорынның тіркеу нөмірі: 31333532) ESET, spol. s r. o. компаниясы («ESET» немесе «Жеткізуші») және ESET HOME (бірге «қызметтер») қызметін, басқалармен қатар, пайдалану шарттарын орнататын жазылымды алуға ұмтылатын жеке тұлға (әрі қарай «сіз» немесе «пайдаланушы») арасындағы арнайы келісімді білдіреді.

Қызметтерді пайдаланудан бұрын осы Шарттарды мұқият оқып шығыңыз. Бұл Шарттар сіз таңдаған деңгейге негізделген жазылым ақысын бірінші төлегеннен кейін, процесс барысында және біз сізге тіркелгіңіз сәтті жасалғаны туралы растауды жібергеннен кейін немесе Қызметтердің кез келгенін пайдалануға шешім қабылдағаннан кейін берілген келісіміңіз негізінде міндетті болады. Есептік жазба сәтті жасалғаннан кейін, ESET сізге әртүрлі Қызметтерді ұсына алады, олардың кейбіреулері тек осы Қызметке («Арнайы шарттар») қолданылатын қосымша арнайы шарттармен байланысты болуы мүмкін. Егер мұндай Арнайы шарттар осы Шарттарға қайшы келсе, Арнайы шарттардың ережелері басым болады. Осындай арнайы шарттарды (қажет болса) төменде немесе ESET Онлайн анықтамасы («құжаттама») арқылы қол жеткізуге болатын қолданыстағы құжаттамадан таба аласыз, олардың қабылдануы Қызметті белсендіру процесінің бөлігі болып табылады.

Біздің Қызметтеріміз тек ересектерге арналған. Он сегізге (18) толмаған болсаңыз, Есептік жазбаны немесе оған қатысты Қызметтерді тек ата-анаңыздың немесе басқа заңды қамқоршыңыздың қатысуымен ғана жасай немесе пайдалана аласыз.

Есептік жазбаңыз және оны қолдану

Есептік жазба Сізге ESET Қызметтеріне қатынасуға және оларды пайдалануға мүмкіндік береді. Осы Қызметтердің көпшілігі ESET өнімдеріне («Өнімдер») арналған лицензиялармен байланыста және ол осы Өнімдерді орталық нүкте ретінде қолданылатын Есептік жазбаңыздан барлық құрылғылар арқылы басқаруға немесе Өнімдеріңізге қосымша функциялар қосуды ұсынуға мүмкіндік береді. Төмендегі есептік жазба арқылы көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын және олардың толық сипаттарын қолданылатын құжаттамадан табуға болады.

Қызметтерімізді пайдалану үшін Сізде тіркелген және белсендірілген Есептік жазба болуы керек және оған Интернет браузері немесе арнайы мобильді қолданба арқылы дұрыс деректерді енгізу арқылы кіруіңіз қажет. Есептік жазбаны жасау тегін болғанымен, кейбір ақылы Қызметтерді және/немесе белгілі бір Өнімдерді сатып алып, өзіңіз пайдаланатын функцияларды Есептік жазбаңыз арқылы қажетіңізге сай белсендіруіңіз керек. Сіз мұндай Өнімдерді немесе Қызметтерді дербес ESET eStore платформасы немесе серіктестеріміздің платформасы арқылы сатып алу және төлем шарттарына сәйкес сатып ала аласыз. Өнімдер мен қолданбаны пайдалану тиісті Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімін қабылдауға жатады, сонымен қатар қосымша құжаттамада егжей-тегжейлі берілген және танысуға болатын қосымша талаптарға немесе техникалық талаптарға бағынуы мүмкін.

Есептік жазба мен Қызметтерді пайдалану құқығыңыз ерекше емес, басқа тұлғаға берілмейді және ол осы Шарттар, Арнайы шарттар (егер бар болса), құжаттамада көрсетілген шарттар және осы заңдық құжаттарға сәйкес қадағаланады. Сіз осы Қызметтер мен Есептік жазбаны тек жеке, коммерциялық емес мақсаттарда, әдеттегідей түрде және оларға бекітілген мақсаттарда ғана пайдалана аласыз. Сонымен қатар, Қызметтерді пайдалану құқығыңыздың мерзімі Қызметтерге жазылу кезеңі немесе Өнім лицензиялары мерзімі аяқталғанға дейін боулы мүмкін. ESET (немесе оның жеткізушілері немесе лицензия берушілері) Сізге осы Шарттармен немесе Арнайы шарттармен анық аталмаған басқа барлық құқықтарды өзінде сақтайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды орындау үшін Сіз өзіңіздің Есептік жазбаңызды тіркеген сәттен бастап (және кез келген қосымша алғышарттарды орындай отырып), сізге Қызметтер мен басқа да қатысты электрондық мазмұнды ұсына алатындығымыз туралы нақты келісіміңізді бересіз. Сіз бізге осы келісімді бере отырып, осы Шарттар негізінде жасалған келісімімізден шығуға құқығыңыз болмайтыны туралы хабар алғаныңызды растайсыз.

Сіз Есептік жазбаңыздың пайдаланылуына және оның құпиялығы мен қауіпсіздігінің қорғалатынына және оған қатысты құпия сөздердің қауіпсіз сақталатынына өзіңіз жауап бересіз. Қолданыстағы заңдармен рұқсат етілген барлық ауқымда Сіз өзіңіздің Есептік жазбаңыз бойынша болатын барлық әрекеттер үшін жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз. Есептік жазбаңызды басқару және оған кез келген адамның кіруіне жол бермеу үшін сіз құпия сөздеріңізді ешкімге жарияламауыңыз керек және Есептік жазбаңызға қосылған құрылғыларға бөгде адамдардың кіруін шектеуіңіз керек. Құпия сөзіңіз басқа біреуге жария етілген болса, Есептік жазбаңызды рұқсат етілмеген адам пайдаланған болса немесе сізде осындай оқиғалар болуы мүмкін деп санауға себеп болса, бізге дереу хабарласуыңыз керек. Сонымен қатар, тіркеу кезінде сіздің ESET компаниясына берген немесе Есептік жазбаңыз арқылы берілген ақпаратыңыздың дәлдігі мен ескірмеген болуын қамтамасыз ету сіздің жауапкершілігіңізде болады және сіз кез келген өзгеріс туралы «Менің есептік жазбам» бөліміндегі ақпаратты жаңарту арқылы бізге хабарлауыңыз керек.

Сіз Қызметтер мен сіздің Есептік жазбаңызды мына мақсаттарда пайдаланбауыңыз керек: (i) кез келген заңсыз мақсат, оның ішінде кез келген қылмыстық немесе алаяқтық іс-әрекетке байланысты немесе (ii) Қызметтеріміз бен веб-сайттарымыздың тоқтап қалуына, бұзылуына немесе кез келген түрде зақымдануына әкеп соқтыратын кез келген мақсат, (iii) басқаларға зиян келтіруі мүмкін немесе (iv) осы Шарттарға, Арнайы шарттарға және құжаттамаға қайшы келетін мақсат. ESET сіздің Есептік жазбаңызды жабу, Қызметті көрсетуді тоқтату немесе мұндай жағдайларда оларды ұсынудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Сонымен қатар, ESET компаниясы Есептік жазбаңыз тіркелген Қызметтерді тоқтатуға немесе веб-сайттан бас тартуға құқылы. Бас тартылған Қызметтер үшін Сіз ақы төлеген болсаңыз, оны қайтаруға құқығыңыз болады.

Есептік жазбаңыздан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Бірақ одан кейін кейбір Қызметтерді пайдалана алмайтыныңызды ескеріңіз.

Электрондық байланыс құралдары

ESET сізбен осы Шарттарда қарастырылған іс-шаралар барысында, соның ішінде Қызметтерді көрсету, Есептік жазба жасау немесе веб-сайтты пайдалану кезінде электрондық түрде байланысады. Біз сізді Өнім немесе Есептік жазбаңыз арқылы электрондық пошталар, қолданба ішілік хабарландырулар жіберу немесе веб-сайтқа хабарлама жариялау арқылы хабарландыруымыз мүмкін. Сіз ESET компаниясынан электрондық түрдегі хабарларды, оның ішінде Шарттарға, Арнайы шарттарға немесе Құпиялылық саясатындағы өзгерістерге қатысты хабарларды, келісімшарттар жасасуға/қабылдауға немесе өңдеуге шақыру хаттарын, құлақтандырулар немесе басқа да заңды хабарландыру түрлерін, алып отыруға келісесіз. Сондай-ақ, осындай электрондық пошта хабарларын, егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, жазбаша түрде алған болып есептелесіз.

Қауіпсіздік және деректерді қорғау

Сіздің толық аты-жөніңіз, еліңіз және жарамды электрондық поштаңыздың мекенжайы сіздің Есептік жазбаңызды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ Қызметтерді ұсыну және қолдау үшін, сондықтан сіз және ESET арасында осы Шарттар мен Арнайы шарттар бойынша жасалған келісімді орындау үшін міндетті түрде қажет. Сіздің деректеріңіз жиналады және ESET серверлеріне немесе оның серіктестеріне беріледі, ол функционалдылықты қамтамасыз ету және Есептік жазбаңыз бен Қызметтерді пайдалану және қамтамасыз ету, ESET заңды талаптарын орнату, жүзеге асыру және қорғау үшін және қажет болған жағдайда Сізге қолдау көрсету үшін өңделеді.

Сонымен қатар, Қызметтерді Есептік жазбаңыз арқылы пайдалануыңыз үшін және оларды сізге ұсыну үшін Сізден де, Есептік жазбаңызбен байланыстырылған Өнімнен де қосымша деректер жинау талап етілуі мүмкін.

Сізден немесе сіздегі Өнімнен алынған деректердің кейбіреулері жеке деректеріңізді қамтуы мүмкін, ESET оларды Құпиялылық саясатына сәйкес өңдейді. Есептік жазбаны тіркеу кезінде сізден оны оқып шығу сұралады және сізге Есептік жазба мен Қызметтердегі деректерді қалай өңдейтініміз туралы немесе деректер субъектісі ретіндегі құқықтарыңыз туралы қосымша ақпарат қажет болғанда сіз оған кез келген уақытта жүгіне аласыз. Сіз пайдаланатын Өнімдерге қосымша құпиялылық саясаттары қолданылуы мүмкін, оларды қажет Өнімге қатысты құжаттамадан таба аласыз.

Зияткерлік меншік құқықтары

ESET немесе оның тиісті жеткізушілері веб-сайтта, қолданбада бар бағдарламалық құралдың, Өнімдердің (барлығы бірге – «Бағдарламалық құралы») немесе веб-сайтта берілген мәтін, құжат, сурет, логотип, белгіше, түйме немесе дерекқор сияқты кез келген мазмұнның (барлығы бірге – «мазмұн») авторлық немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарының иелері болып табылады. Сіздің осы Шарттарды және Арнайы шарттарды орындауыңызды және кез келген қолданыстағы төлемді төлеуіңізді ескере отырып, сізге Бағдарламалық құрал мен мазмұнды жеке және коммерциялық емес мақсаттарыңызға пайдалануға рұқсат беретін шектеулі, ерекше емес, сублицензияланбайтын және үшінші тарапқа берілмейтін лицензия Қызметтерді пайдалану үшін қажет болған жағдайда ғана, мысалы, осы Шарттармен және Арнайы шарттармен рұқсат етілген жағдайда ғана беріледі. Бздің кез келген Қызметіміздің кез келген мазмұнын немесе бөлігін біздің жазбаша келісімімізсіз шығарып алуға немесе қайта пайдалануға (фрейминг әдісін қоса) болмайды. ESET және оның жеткізушілері Сізге осы Шарттармен немесе Арнайы шарттармен анық аталмаған басқа барлық құқықтарды өзінде сақтайды.

Сонымен қатар, кез келген Өнім мен бағдарламалық құралды бірге немесе шарттардың бір бөлігі ретінде берілетін Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісіміне (EULA) сәйкес пайдалануға болады. Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімімен бірге қамтамасыз етілетін Өнімдерді немесе бағдарламалық құралды Пайдаланушының келісуінсіз орнату мүмкін емес.

Өзіңіздің есептік жазбаңызға және онымен байланысты қызметтерге кіру және пайдалану үшін біздің қолданбаны орнатуды таңдасаңыз, сізге осы Шарттардың 1-қосымшасына енгізілген Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімінің қолданбасы қолданылады.

Жауапкершіліктен бас тарту туралы мәлімдемелер

ПАЙДАЛАНУШЫ РЕТІНДЕ СІЗ ЕСЕПТІК ЖАЗБА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ЕШҚАНДАЙ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА КЕПІЛДІКСІЗ «СОЛ КҮЙІНДЕ» БЕРІЛГЕНІН РАСТАЙСЫЗ. ЖЕТКІЗУШІ, ОНЫҢ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІ НЕМЕСЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ИЕЛЕРІ ЕШҚАНДАЙ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ КЕПІЛДІГІН НЕМЕСЕ НАҚТЫ БІР МАҚСАТҚА СӘЙКЕСТІК НЕМЕСЕ ОСЫ ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ЕШҚАНДАЙ ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ ПАТЕНТТЕРІН, АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН, САУДА БЕЛГІЛЕРІН НЕМЕСЕ БАСҚА ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗБАЙТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙДІ. ЖЕТКІЗУШІ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ТАРАП ЕСЕПТІК ЖАЗБА НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР СІЗДІҢ ТАЛАПТАРЫҢЫЗҒА ЖАУАП БЕРЕТІНІНЕ НЕМЕСЕ ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ АҚАУСЫЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. КӨЗДЕЛГЕН НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ ҮШІН ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА ЖӘНЕ ОДАН АЛЫНҒАН НӘТИЖЕЛЕРГЕ БҮКІЛ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ТӘУЕКЕЛДІ СІЗ ҚАБЫЛДАЙСЫЗ.

Осы Шарттар Жеткізуші және оның лицензиарлары тарабынан осы құжатта арнайы көрсетілген міндеттемелерден басқа ешқандай міндеттемелерді жасамайды.

Жауапкершілікті шектеу

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖЕТКІЗУШІ, ОНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НЕМЕСЕ МЕРДІГЕРЛЕРІ ЕШҚАШАН ҚАНДАЙ СЕБЕПТЕН БОЛСА ДА ЖӘНЕ КЕЛІСІМ-ШАРТҚА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛСА ДА, ҚҰҚЫҚ БҰЗУДАН, СЕЛҚОСТЫҚТАН НЕМЕСЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ БАСҚА ӘДІСІНЕН, ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫ ПАЙДАЛАНУДАН НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНБАУДАН ТУЫНДАЙТЫН ЖОҒАЛҒАН ТАБЫСТАР, КІРІСТЕР, САТЫЛЫМДАР, ДЕРЕКТЕР НЕМЕСЕ АЛМАСТЫРАТЫН ЗАТТАРДЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШЫҒЫНДАРЫ, МҮЛІКТІК ЗИЯН, ЖАРАҚАТ АЛУ, ЖҰМЫСТЫҢ ТОҚТАУЫ, КОММЕРЦИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҢ ЖОҒАЛУЫ ҮШІН НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН АРНАЙЫ, ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САҚТАНДЫРУ, АЙЫПТЫҚ, АРНАЙЫ НЕМЕСЕ КЕЗДЕЙСОҚ ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖЕТКІЗУШІГЕ, ОНЫҢ МЕРДІГЕРЛЕРІНЕ МҰНДАЙ ЗИЯНДАРДЫҢ БОЛУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАР БЕРІЛСЕ ДЕ ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. КЕЙБІР ЕЛДЕРДЕ ЖӘНЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ, БІРАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ, МҰНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ЖЕТКІЗУШІНІҢ, ОНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ НЕМЕСЕ ЛИЦЕНЗИАРЛАРЫНЫҢ НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ СІЗ ҚЫЗМЕТ НЕМЕСЕ ЕСЕПТІК ЖАЗБА ҮШІН ТӨЛЕГЕН СОМАМЕН ШЕКТЕЛЕДІ.

Сауданы реттеу талаптарына сәйкестік

(a) Бағдарламалық құралды кез келген тұлғаға тікелей не жанама түрде экспорттамайсыз, қайта экспорттамайсыз, табыстамайсыз немесе өзге жолмен қолжетімді етпейсіз немесе ESET компаниясының не оның құрылтайшы компанияларының, еншілес кәсіпорындарының және кез келген құрылтайшы компанияларының еншілес кәсіпорындарының, әрі құрылтайшы компаниялары басқаратын кәсіпорындардың («Филиалдар») Сауданы реттеу заңдарын бұзуына немесе оларға сәйкес келеңсіз салдарларға душар болуына себепші болуы мүмкін кез келген тәртіпте пайдаланбайсыз немесе кез келген осындай іс-әрекетке қатыспайсыз, соның ішінде:

i. Америка Құрама Штаттарының, Сингапурдың, Ұлыбританияның, Еуропа Одағының немесе кез келген оған Мүше елдердің, осы Шарттар бойынша міндеттемелер орындалуы тиіс немесе ESET компаниясы немесе оның Үлестес тұлғаларының кез келгені тіркелген немесе қызмет ететін кез келген елдің үкіметі, штаты немесе қадағалау органы тауарларды, бағдарламалық құралды, технологияны немесе қызметтерді экспорттауды, қайта экспорттауды немесе табыстауды басқару, шектеу немесе лицензиялау талаптарын қою бойынша шығарған немесе қабылдаған кез келген заңдар және

ii. Америка Құрама Штаттарының, Сингапурдың, Ұлыбританияның, Еуропалық Одақтың немесе оның кез келген мүше мемлекетінің немесе осы шарттар бойынша міндеттемелер орындалуға тиіс немесе ESET компаниясы немесе оның аффилиирленген тұлғаларының кез келгені тіркелген немесе өз қызметін жүзеге асыратын кез келген елдің кез келген Үкіметі, штаты немесе реттеуші органы салған кез келген экономикалық, қаржылық, сауда немесе өзге де санкциялар, шектеулер, эмбарго, импортқа немесе экспортқа тыйым салулар, қаражаттарды немесе активтерді аударуға немесе қызметтерды орындауға тыйым салулар (i және ii тармақтарда аталған құқықтық актілер. Жоғарыда бірге «сауданы бақылау туралы заңдар» деп аталады).

(b) ESET компаниясы мына жағдайларда осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін тоқтатуға немесе осы Шарттар күшін дереу жоюға құқылы:

i. ESET компаниясы Пайдаланушының осы Шарттардың осы Сауданы реттеу талаптарына сәйкестік бабының (а) бөлімі талаптарын бұзғанын немесе бұзу ықтималдығын дәйекті түрде анықтаған кезде; немесе

ii. Соңғы пайдаланушыға және/немесе Бағдарламалық құралға Сауданы реттеу заңдары қолданылады және нәтижесінде ESET компаниясы осы Шарттар бойынша өз міндеттемелерін әрі қарай орындау ESET компаниясының не Филиалдарының Сауданы реттеу заңдарын бұзуына немесе оларға сәйкес келеңсіз салдарларға душар болуына себепші болуы мүмкін деп орынды түрде анықтаса.

(c) Осы Шарттардағы ешбір бап тараптың кез келген қолданылатын Сауданы реттеу заңдарына қайшы, оларға сәйкес жазаланатын немесе тыйым салынатын түрдегі іс-әрекетпен айналысуына немесе одан бас тартуына (немесе осындай іс-әрекетке немесе одан бас тартуына келісім беруіне) итермелеуге не талап етуге арналмаған және ешбір тұсы осылайша түсіндірілмеуі тиіс.

Реттейтін заң және тіл

Бұл Шарттар Словакия заңына сай реттеледі және түсініледі. Соңғы пайдаланушы және Жеткізуші реттейтін заңның және БҰҰ Тауарларды халықаралық сату келісімшарттары туралы конвенциясының қайшылықтары бар ережелері қолданылмайтынымен келіседі. Сіз Еуропалық Одақта тұрақты тұратын тұтынушы болсаңыз, Сізге өзіңіз тұратын елде қолданылатын заңның міндетті ережелерімен қосымша қорғау құралы беріледі.

Сіз жеткізушімен болатын немесе Бағдарламалық құралды, Есептік жазбаны немесе қызметтер не осы шарттардан немесе арнайы шарттардан (бар болса) туындайтын пайдалануыңызға кез келген түрде қатысты кез келген шағым немесе дау үшін эксклюзивті құзірет Словакияның Братислава I аудандық сотында болатынымен ашық түрде келісесіз, бұған қоса сіз кез келген осындай дауға немесе шағымға байланысты Братислава I аудандық сотында жеке құзіреттің болуымен ашық түрде келісесіз. Сіз тұтынушы болсаңыз және ЕО-да әдеттегі тұрғылықты жеріңіз болса, өзіңіздің тұтыну құқығыңызды эксклюзивті юрисдикция орнында немесе сіз тұратын ЕО елінде талап етуге құқығыңыз бар. Сонымен қатар, дауларды шешудің онлайн платформасын пайдалана аласыз, оған мына жерден кіруге болады: https://ec.europa.eu/consumers/odr/. Дегенмен ресми түрде шағым жасамас бұрын, алдымен бізге хабарласуды қарастырыңыз.

Осы Шарттардың тілдік нұсқалары арасында қандай да бір сәйкессіздіктер болса, мына жерде жарияланған ағылшын тіліндегі нұсқасы әрқашан басым болады.

Жалпы ережелер

ESET кез келген уақытта біздің Қызметтерімізге өзгертулер енгізуге және тиісті құжатты жаңарту арқылы осы Шарттарды, Арнайы шарттар мен құжаттаманы немесе оның кез келген бөлігін қайта қарау құқығын мына мақсаттарда өзіне қалдырады: (i) Есептік жазбаға, Қызметтерге немесе веб-сайтқа немесе ESET өзінің ісін жүргізу әдісіне енгізілген өзгерістерді көрсету, (ii) заңды, нормативтік немесе қауіпсіздік себептерімен немесе (iii) теріс пайдалану не зиян келтіруді болдырмау. Сізге осы Шарттардағы немесе Арнайы шарттардағы өзгерістер туралы электрондық поштаңыз немесе Есептік жазбаңыз арқылы хабарланатын болады. Осы Шарттарға немесе Арнайы шарттарға ұсынылған өзгерістермен келіспесеңіз, өзгеріс туралы хабарландыруды алғаннан кейін 30 күн ішінде Есептік жазбаңыздан бас тарта аласыз және/немесе өзгеріс енгізілген сатып алынған Қызметтерден бас тарта аласыз. Осы мерзім ішінде Есептік жазбаңыздан немесе қызметтен бас тартпасаңыз, ұсынылған өзгерістер қабылданған болып саналады және өзгеріс туралы хабарландыру алған күннен бастап күшіне енеді.

Байланыс мәліметтеріміз

Қандай да бір сұрақтарыңыз, сұрауларыңыз болса немесе ескертпе немесе шағым жібергіңіз келсе, қандай да бір техникалық ақаулар болса, Байланыс мәліметтері немесе Техникалық қолдау қызметі беті арқылы бізге хабарласудан тартынбаңыз. Біз кез келген осындай өтінішті алғаннан кейін, ондағы мәселені 30 күн ішінде шешуге барымызды саламыз.

ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АРНАЙЫ ШАРТТАРЫ

1. Өнімді басқару

Өнімдерді басқару дегеніміз – Есептік жазбаңызбен байланысты Өнімдеріңізді және Есептік жазбаңызды қолдану арқылы біздің Өнім орнатылатын құрылғыларды басқаруға мүмкіндік беретін Қызмет. Сіз осындай Өнімдермен қорғалатын құрылғылардың қауіпсіздік күйін көре аласыз, басқарылатын құрылғылар мен Өнімдер туралы маңызды хабарландырулар ала аласыз, мерзімі біткен Өнімдерді қоса алғанда, сатып немесе жаңартып ала аласыз (бөлек платформаны қолдана отырып), Өнімді құрылғыға жүктеп ала аласыз, оларды отбасыңызбен және достарыңызбен бөлісе аласыз немесе құжаттамада сипатталған басқа функцияларды қолдана аласыз. Есептік жазба ойдағыдай жасалған соң, Өнімді басқару мүмкіндігі іске қосылады, бірақ оның көптеген функцияларын тек кем дегенде бір Өнімді сіздің Есептік жазбаңызбен байланыстырғаннан кейін ғана пайдалануға болады. Құжаттама Есептік жазбаңыздан басқаруға болатын Өнімдердің немесе құрылғылардың ең көп санын көрсетуі мүмкін.

2. ESET Parental Control

ESET Parental Control сізге басқарылатын пайдаланушылардың (мысалы, балаларыңыздың) веб-сайттардың және/немесе мобильді қолданбалардың жекелеген санаттарына қол жеткізу мүмкіндігін бақылауға, басқарылатын пайдаланушылар үшін уақытты реттеу ережелерін пайдалануға немесе тиісті Өнім орнатылған және ESET Parental Control белсенді осы құрылғылардың орнын табу мүмкіндігін пайдалануға рұқсат етеді. ESET Parental Control қызметін пайдалану үшін Өнімді (белсенді ESET Parental Control) Есептік жазбаңызбен байланыстыруыңыз керек. Бір Өнімді бір уақытта бірнеше Есептік жазбамен байланыстыруға болмайды. Есептік жазбаға кіру рұқсаты бар Соңғы пайдаланушыға бір немесе бірнеше құрылғысы бар басқарылатын пайдаланушыға профильдерді жасауға рұқсат етіледі. ESET бір Соңғы пайдаланушы пайдаланатын профильдердің және құрылғылардың санын шектеу құқығын сақтайды.

Дұрыс жұмыс істеуі үшін белсенді ESET Parental Control қызметі Жеткізушіге ақпаратты, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, кірген веб-сайттар, орындар, мобильді қолданбалар туралы ақпаратты, қолданылған құрылғы туралы ақпаратты, соның ішінде ESET Parental Control әрекеттері және функциялары туралы ақпаратты жібереді. Мұндай ақпарат сіз немесе басқа басқарылатын пайдаланушылар туралы, құрылғы, операциялық жүйе және орнатылған қолданбалар туралы мәліметтерді (кездейсоқ ретпен немесе байқаусызда алынған жеке деректерді қоса) қамтуы мүмкін. ESET барлық алынған ақпараттың құпия болуын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолданады.

ESET Parental Control қызметін тек өзіңіздің құқығыңыз немесе кіру рұқсатыңыз бар басқарылатын пайдаланушылардың құрылғыларына қатысты пайдалана аласыз. Заңсыз, зиянды деп саналуы немесе басқалардың құқықтарын бұзуы немесе теріс әсер етуі мүмкін кез келген анықталған қолдану түрі құзыретті органға хабарлануы және Қызметке қол жетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін. Кез келген дұрыс емес пайдалану жағдайында жеткізуші қатысты заңдардың талаптарын сақтайды және құқық қорғау органдарына көмектеседі.

Осы Шарттарды қабылдай отырып, Сіз ESET Parental Control қызметін ұсыну және пайдалану және оны ұсыну аясында деректерді өңдеу, сонымен қатар, соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі және ESET Parental Control қызметінің Құпиялылық саясатымен реттелетінін мойындайсыз. Олар құжаттамада берілген және оларды бағдарламалық құралды орнату процесі кезінде қабылдау керек.

3. Anti-Theft

Anti-Theft компьютердің немесе басқа құрылғының орнатылған жерде жоғалуына немесе ұрлануына тікелей байланысты маңызды деректердің жоғалуын немесе дұрыс емес пайдаланылуын болдырмауға көмектеседі. Anti-Theft тек ESET қамтамасыз ететін кейбір Өнімдер үшін қолжетімді. Қосымша ақпаратты өнім құжаттамасында қараңыз.

Байланысты Өнімнің әдепкі параметрлерінде Anti-Theft өшірілген күйде болады. Anti-theft қызметін пайдалану үшін сізге қажетті Өнімдерді орнатуыңыз, Anti-theft функцияны белсендіріп, өз Өніміңізді өз Есептік жазбаңызбен байланыстыруыңыз керек. Сіз Anti-Theft қызметін және онымен байланысты деректерді жинау функциясын компьютеріңіз немесе басқа құрылғыңыз ұрланған немесе жоғалған жағдайда белсендіре аласыз. Өнімнің осы функциясын белсендіруді таңдасаңыз, жоғалған құрылғы туралы деректер жиналады және ESET компаниясына жіберіледі. Бұл деректер құрылғының желілік орны туралы деректерді, оның экранында көрсетілетін мазмұн туралы деректерді, оның конфигурациясы туралы деректерді және/немесе қосылған камера жазған деректерді қамтуы мүмкін. Anti-Theft алған және Есептік жазба арқылы берілген осындай деректерді сіз тек құрылғыңыздың жоғалуына байланысты келеңсіз жағдайды түзету үшін ғана пайдалана аласыз. ESET осы деректерді Құпиялылық саясатында көрсетілгендей және қолданыстағы заңдарға сәйкес Сізге осы Қызметті ұсынудың жалғыз мақсаты ретінде өңдейді. Бұл функцияны кез келген уақытта ажыратуға болады.

Anti-Theft қызметі тек сіз заңды түрде кіруге құқығыңыз бар құрылғылар мен Есептік жазбаны пайдалану арқылы ғана қолданылатын болады. Заңсыз, зиянды деп саналуы немесе басқалардың құқықтарын бұзуы немесе теріс әсер етуі мүмкін кез келген анықталған қолдану түрі құзыретті органға хабарлануы және Қызметке қол жетімділіктің шектелуіне әкелуі мүмкін. Кез келген дұрыс пайдаланбау жағдайында Жеткізуші қатысты заңдардың талаптарын сақтайды және құқық қорғау органдарына көмектеседі.

Осы Шарттарды қабылдай отырып, Сіз Anti-Theft қызметін ұсыну және пайдалану және оны ұсыну аясында деректерді өңдеу, сонымен қатар, соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімімен және <%ESET_ANTITHEFT%> бағдарламалық құралының Құпиялылық саясатымен реттелетіндігін мойындайсыз. Олар құжаттамада берілген және оларды бағдарламалық құралды орнату процесі кезінде қабылдау керек.

4. ESET Password Manager

ESET Password Manager – бұл Есептік жазбаға кіру деректерін немесе басқа ақпаратты қауіпсіз сақтауға мүмкіндік беретін сандық анықтап тану деректерін басқару құралы. Оны Пайдалану осы Шарттар мен Есептік жазбаның Құпиялық саясатына қосымша қолданылатын ESET Password Manager қызметі үшін Арнайы шарттар мен Құпиялылық саясатына бағынады. ESET Password Manager қызметін пайдалану үшін сізге қажетті Өнімді орнату, Есептік жазба жасау және белсендіру және Өнімді Есептік жазбамен байланыстыру қажет болады. Есептік жазбаңыз басқа пайдалы функциялармен қатар ESET Password Manager лицензияларын басқаруға және оларды достарыңызбен немесе отбасыңызбен бөлісуге мүмкіндік береді, осылайша олар да оны толық қолдана алады. Алайда сізде лицензия иесі ретінде кез келген уақытта олардан лицензияны алып қою құқығы қалады.

5. Жеке бас мәліметтерін қорғау

Identity Protection қызметтері сіздің юрисдикцияңызда қолжетімді болса, сіз мұндай қызметтерді тек үшінші тарап қызмет провайдерлері беретінін растайсыз және келісесіз. Мұндай қызметтердi көрсету кезiнде туындайтын ережелер, талаптар, шарттар, сондай-ақ кез келген мiндеттемелер үшiншi тараптың тиiстi қызмет көрсетушiсiнiң шарттарымен және келiсiмдерiмен ғана реттелетiн болады. ESET мұндай қызметтердің тиімділігіне, дәлдігіне немесе толықтығына қатысты ешқандай мәлімдеме немесе кепілдік бермейді және сіздің Identity Protection қызметтеріне сенім артуыңыздан немесе пайдаланудан туындайтын кез келген шағымдар, шығындар немесе залалдар үшін жауап бермейді.

6. Виртуалды жеке желі

ESET виртуалды жеке желі («VPN») қызметін «бар қалпында» ешқандай мәлімдемесіз немесе кепілдіксіз қамтамасыз етеді. ESET Қызметтің немесе оның кез келген мүмкіндік(тер)інің үздіксіз қолжетімділігіне кепілдік бермейді. ESET біздің қалауымыз бойынша пайдалануға немесе қызметтерге шектеулер қоюы, қызметтерді уақытша тоқтатуы немесе белгілі бір пайдалануды блоктауы мүмкін. Алынған мәліметтердің дәлдігі мен уақытылылығына кепілдік берілмейді; кешігулер немесе олқылықтар орын алуы мүмкін.

VPN желісін теріс пайдаланбауға келісесіз. Теріс қолдану бизнеске, беделге, қызметкерлерге, жазылушыларға, нысандарға немесе кез келген тұлғаға зиян келтіру немесе қауіп тудыру үшін VPN пайдалануды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді; VPN-нің қауіпсіздікке қатысты мүмкіндіктерін жою, айналып өту, өшіру, зақымдау немесе басқа жолмен кедергі жасау; Интернетте спам, вирустар, жарнамалық бағдарламалар, шпиондық бағдарламалар, құрттар немесе басқа зиянды кодтарды жүктеп салуды немесе басқа жолмен таратуды қоса алғанда, кез келген тәсілмен VPN-ге әдейі кедергі жасау немесе зақымдау. Сіз ESET компаниясын, оның еншілес компанияларын, мердігерлерін, қызметкерлерін, агенттерін және үшінші тарап жеткізушілерін, лицензиарлары мен серіктестерін VPN қызметін дұрыс пайдаланбауыңыздан, Шарттарды қандай да бір жолмен бұзуыңыздан немесе осы құжатта сіз жасаған мәлімдемелерді, кепілдіктерді және шарттарды бұзудан туындайтын кез келген және барлық шағымдардан, шығындардан, залалдардан, міндеттемелерден, соның ішінде заңдық төлемдер мен шығындардан өтеуге және қорғауға келісесіз.

ESET кез келген уақытта және кез келген себеппен, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, осы Шарттарды бұзуды немесе сіздің тарапыңыздан орынсыз немесе заңсыз әрекетті қоса, ескерту арқылы немесе ескертусіз VPN жүйесіне кіруіңізді тоқтату, уақытша тоқтату немесе басқа жолмен шектеу құқығын өзіне қалдырады.

№1 ҚОСЫМША

ESET HOME қолданбасы бойынша Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісімі