Қауіпсіз банкинг және шолу
Қауіпсіз банкинг және шолу функциясы онлайн банкинг, төлем қызметтері мен басқа құпия веб-сайттарға қауіпсіз түрде кіруге арналған қорғалған браузерді ұсынады.
Қорғалған браузер
Әдепкі бойынша, барлық қолдау көрсетілетін веб-браузерлер қауіпсіз режимде іске қосылады. Қорғалған браузер — құпия веб-сайттарды кәдімгі шолу сеансынан бөлек ашатын қорғалған орта. Ол келесі әрекеттерді қамтамасыз етеді:
•Пернелерді түрту әрекетіңізді біреу қолға түсіре алмайды.
•Сеансыңызды зиянды бағдарлама өзгерте алмайды.
•Құпия деректер (кіру деректері, карта мәліметтері және т.б.) қорғалған күйде қалады.
Қауіпсіз банкинг және шолу функциясы дұрыс жұмыс істеуі үшін ESET LiveGrid® бедел жүйесі іске қосылған болуы тиіс (әдепкі бойынша қосулы болады). |
Қорғалған браузер конфигурациясы
Қорғалған браузердің әрекетін бейімдеу үшін Қауіпсіз банкинг және шолуды кеңейтілген орнату бөлімін қараңыз.
Барлық браузерді қорғау опциясын өшірсеңіз де, қорғалған браузерді қолмен іске қоса беруге болады:
• Негізгі бағдарлама терезесі > Шолу > Қауіпсіз банкинг және шолу бөлімінде немесе
• Қауіпсіз банкинг және шолу жұмыс үстелі белгішесін
басу арқылы.
Іске қосылған кезде, әдепкі Windows браузері қауіпсіз режимде ашылады, осылайша құпия шолуға арналған қорғалған орта ұсынылады.
Қолдау көрсетілетін браузерлер
HTTPS шифрланѓан байланысын пайдалану ќорѓалѓан шолуды орындау џшін керек. Қауіпсіз банкинг және шолу функциясы келесі браузерлерге қолдау көрсетеді:
•Internet Explorer 8.0.0.0+
•Microsoft Edge 94.0.0.0+
•Google Chrome 94.0.0.0+
•Mozilla Firefox 67.0.0.0+
•Brave 1.65.114.0+
Қауіпсіз банкинг және шолу туралы қосымша мәліметтер бойынша ағылшын және бірнеше басқа тілде қолжетімді ESET білім қорының мына мақалаларын оқыңыз:
•ESET Қауіпсіз банкинг және шолу мүмкіндігін қалай пайдаланамын?