URL бүркенішін қосу әдісі

Қалаған мекенжайды/домен бүркенішін енгізу алдында осы диалогтық терезедегі нұсқауларды қараңыз.

ESET Endpoint Security бағдарламасы пайдаланушыға көрсетілген веб-тораптарға қатынасты бұғаттауға және Интернет браузерінің олардың мазмұнын көрсетуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, ол пайдаланушыға тексеру кезінде еленбейтін мекенжайларды анықтауға мүмкіндік береді. Егер қашықтағы сервердің толық атауы белгісіз болса немесе пайдаланушы қашықтағы серверлердің бүкіл тобын көрсеткісі келсе, мұндай топты анықтау үшін бүркеніштерді пайдалануға болады. Бүркеніштер «?» және «*» таңбаларын қамтиды:

бір таңбаны алмастыру үшін ? таңбасын пайдаланыңыз

бір мәтін жолын алмастыру үшін * таңбасын пайдаланыңыз.

Мысалы, *.c?m барлық мекенжайларға қолданылады, мұнда соңғы бөлік c әрпімен басталады, m әрпімен аяқталады және олардың арасында белгісіз таңбаны (.com, .cam, т.б.) қамтиды.

Алдындағы «*.» тізбегі домен атауының басында пайдаланылса ерекше қарастырылады. Бірінше, * қойылмалы таңбасы бұл жағдайда қиғаш сызық таңбасына («/») сәйкес емес. Бұл бүркенішті айналып өтуді болдырмауға арналған, мысалы, *.domain.com бүркеніші http://anydomain.com/anypath#.domain.com сәйкес болмайды (мұндай суффикс кез келген URL мекенжайына жүктеуге әсер етпестен бекітілуі мүмкін). Екіншіден, «*.» сонымен бірге осы ерекше жағдайда бос жолға сәйкес келеді. Бұл бір бүркенішті пайдаланып тоылқ доменге, соның ішінде, кез келген ішкі домендерге сәйкестендіруге мүмкіндік беруге арналған. Мысалы, *.domain.com бүркеніші сонымен бірге http://domain.com сәйкес. *domain.com дегенді пайдалану дұрыс болады, өйткені бұл сонымен бірге http://anotherdomain.com дегенге сәйкес болатын еді.