Антифишингтік қорғау

Фишинг термині қоғамдық техниканы (құпия ақпаратты алу үшін пайдаланушылардың әрекеті) пайдаланатын қылмыстық әрекетті білдіреді. Фишинг банктік есеп-шот нөмірлері, PIN-коды нөмірлері және басқалары секілді құпия деректерге кіру үшін жиі қолданылады. Осы әрекет туралы қосымша мәлімет үшін глоссарийді қараңыз. ESET Endpoint Security бағдарламасы фишингке қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді және осы мазмұнды тарататын белгілі веб-сайттарды блоктайды.

ESET Endpoint Security бағдарламасында фишингке қарсы мүмкіндікті қосуды ұсынамыз. Бұлай істеу үшін Кеңейтілген орнату (F5) тармағын ашып, Веб және электрондық пошта > Антифишингтік қорғау тармағына өтіңіз.

ESET Endpoint Security бағдарламасындағы Антифишингтік қорғау туралы қосымша ақпарат алу үшін Білім қорының мақаласына кіріңіз.

Фишингті веб-сайтқа кіру

Танылған фишинг веб-сайтына қатынасқан кезде веб-шолғышта мына тілқатысу терезесі көрсетіледі. Егер бәрібір веб-сайтқа қатынасқыңыз келсе, Сайтқа өту (ұсынылмайды) пәрменін таңдаңыз.

WEB_PHISHING


note

Ақ тізімге қосылған ықтимал фишингті веб-сайттарға кіру, әдепкіге сай, бірнеше сағаттан соң аяқталады. Веб-сайтқа ұзақ уақытқа рұқсат беру үшін URL мекенжайын басқару құралын пайдаланыңыз. Кеңейтілен орнату (F5) тармағында Веб және электрондық пошта > Веб-қатынасты қорғау > URL мекенжайын басқару > Мекенжайлар тізімі тармағын кеңейтіп, Өңдеу түймешігін басыңыз, содан кейін қажет веб-сайтты тізімге қосыңыз.

Фишингті сайтты хабарлау

Есеп беру сілтемесі талдау үшін ESET компаниясына фишингтік/зиянкес веб-сайт туралы есеп беруге мүмкіндік береді.


note

ESET компаниясына жібермес бұрын мына шарттартын біріне не бірнешеуіне сай екендігін тексеріңіз:

тіпті веб-сайт ашылмады,

веб-сайт қауіп түрінде қате ашылды. Бұл жағдайда Жалған фишингтік сайт туралы есеп беруге болады.

Сондай-ақ, веб-сайтты электрондық пошта арқылы жібере аласыз. Электрондық пошта хабарын samples@eset.com мекенжайына жіберіңіз. Сипаттағыш тақырыпты пайдаланыңыз және мүмкіндігінше веб-сайт туралы толығырақ ақпарат (мысалы, веб-сайт мына мекенжайдан жіберілді, бұл веб-сайт туралы қайдан білдіңіз...) енгізіңіз.