Жаңа URL мекенжайларының тізімін жасау
Бұл бөлім блокталатын, рұқсат етілетін немесе тексеруден шығарылған URL мекенжайларының/бүркеніштерінің тізімін көрсету мүмкіндігін береді.
Жаңа тізімді жасағанда конфигурациялау үшін келесі опциялар қол жетімді:
Мекенжайлар тізімінің түрі – үш тізім түрі қол жетімді:
•Тексеруге қосылмағандар – осы тізімге қосылған кез келген мекенжайдан зиянкес код тексерілмейді.
•Блокталғандар - пайдаланушыға осы тізімде көрсетілген мекенжайларға кіруге рұқсат берілмейді.
•Рұқсат етілген – Саясат осы мүмкіндікті пайдалануға конфигурацияланған болса және қойылмалы таңба (*) мәні осы тізімге қосылған болса, сізге осы тізімдегі мекенжайларға тіпті бұл мекенжайлар блокталғандар тізімінде де бар болса да қатынасуға рұқсат етіледі.
Тізім атауы – тізім атауын көрсетіңіз. Бұл өріс үш алдын ала анықталған тізімнің біреуін өңдегенде қолжетімсіз болады.
Тізімнің сипаттамасы – Тізімнің қысқаша сипаттамасын теріңіз (міндетті емес). Үш алдын-ала анықталған тізімнің бірін өңдеп жатсаңыз, бұл өріс қолжетімсіз болады.
Тізім белсенді – тізімді белсендіру үшін жүгірткі жолақты таңдаңыз.
Қолдану кезінде хабарлау – осы тізім сіз кірген HTTP сайтын бағалау үшін пайдаланылғанда хабарлануын қаласаңыз, жүгірткі жолақты таңдаңыз. Мысалы, блокталған немесе рұқсат етілген мекенжайлар тізіміне қосылғандықтан веб-сайт блокталса немесе оған рұқсат етілсе, хабарландыру шығарылады. Хабарландыру веб-сайтты көрсететін тізімнің тізім атауын көрсетеді.
Журнал жүргізу қатаңдығы – Ашылмалы мәзірде «Журнал жүргізу қатаңдығы» параметрін таңдаңыз. Ескерту мәліметтері бар жазбаларды ESMC немесе ESET PROTECT жинауы мүмкін.
Басқару элементтері
Қосу – тізімге жаңа URL мекенжайын қосу (бірнеше мәнді бөлгішпен енгізіңіз).
Өңдеу – тізімде бар мекенжайды өзгертеді. Тек Қосу көмегімен жасалған мекенжайлар үшін мүмкін.
Жою – тізімдегі бар мекенжайларды жояды. Тек Қосу көмегімен жасалған мекенжайлар үшін мүмкін.
Импорттау – URL мекенжайлары бар файлды импорттау (жол үзілімі бар бөлек мәндер, мысалы, UTF-8 кодтауын пайдаланатын *.txt).