Microsoft Outlook құралдар тақтасы
Microsoft Outlook қорғанысы қосылатын модуль ретінде жұмыс істейді. ESET Endpoint Security бағдарламасын орнатқаннан кейін осы антивирустық/антиспам қорғау опциялары Microsoft Outlook бағдарламасына қосылады:
Спам - Таңдалған хабарларды спам деп белгілейді. Белгілегеннен кейін хабардың «ізі» спам қолтаңбаларын сақтайтын орталық серверге жіберіледі. Егер сервер бірнеше пайдаланушыдан ұқсас «іздер» алса, хабар алдағы уақытта спам ретінде жіктелетін болады.
Спам емес - Таңдалған хабарларды спам емес деп белгілейді.
Спам мекенжайы (Бұғатталған, спам мекенжайлар тізімі) – Мекенжай тізіміне жаңа жіберуші мекенжайын бұғатталған мекенжай ретінде қосады. Тізімнен алынған барлық хабарлар спам ретінде автоматты түрде жіктеледі.
Электрондық пошта алушыларын алдап оқу және жауап беру үшін пайдаланылатын спуфингтен – электрондық пошта мекенжайындағы жіберушінің қолдан жасалған мекенжайынан сақтаныңыз. |
Сенімді мекенжай (Рұқсат етілген, сенімді мекенжайлар тізімі) – Мекенжай тізіміне жаңа жіберуші мекенжайын рұқсат етілген мекенжай ретінде қосады. Рұқсат етілген мекенжайлардан алынған барлық хабарлар ешқашан автоматты түрде спам санатына жатқызылмайды.
ESET Endpoint Security – ESET Endpoint Security негізгі терезесін ашу үшін белгішені екі рет басыңыз.
Хабарларды қайта қарап шығу - Электрондық поштаны тексеруді қолмен іске қосуға мүмкіндік береді. Тексерілетін хабарларды көрсетуге болады және алынған электрондық поштаны қайта қарап шығуды іске қосуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Электрондық пошта клиентін қорғау бөлімін қараңыз.
Қарап шығу құралының параметрлері - Электрондық пошта клиентін қорғау параметрлерінің опцияларын көрсетеді.
Спамға қарсы параметрлер - Спамнан қорғау параметрлерінің опцияларын көрсетеді.
Мекенжай кітапшалары - Шығарылған, сенімді және спамер мекенжайларының тізімдеріне қатынауға болатын спамға қарсы қорғау терезесін ашады.