Спамнан қорғау
Спам деп аталатын қалаусыз электрондық пошта электрондық байланыстың ең үлкен мәселелерінің біріне жатады. Қалаусыз пошта бүкіл электрондық пошта байланысының 30 пайызын құрайды. Спамнан қорғау осы мәселеден қорғау үшін қызмет етеді. Бірнеше электрондық қауіпсіздік қағидасын біріктіре отырып, спамнан қорғау модулі кіріс қалтаңызды таза ұстау үшін ең жақсы сүзу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Спамнан қорғау параметрлерін конфигурациялау үшін Кеңейтілген баптау (F5) > Веб және электрондық пошта > Электрондық пошта клиентін қорғау > Спамнан қорғау бөлімін ашыңыз.
Спамды анықтаудағы бір маңызды нәрсе — бұл алдын ала анықталған сенімді мекенжайларға (рұқсат етілген тізім) және спам мекенжайларына (блокталған) негізделген сұралмаған электрондық поштаны тани-білу қабілеті.
Спамды анықтауға пайдаланылатын негізгі әдіс — электрондық пошта хабарларының сипаттарын қарап шығу. Алынған хабарлар негізгі спамға қарсы критерийлер (хабар анықтамалары, статистикалық эвристика, алгоритмдерді тану және басқа бірегей әдістер) бойынша тексеріліп, нәтижесіндегі көрсеткіш мәні хабардың спам екенін немесе спам емес екенін анықтайды.
Электрондық пошта клиентінің спамнан қорғауын қосу – Қосылғанда, спамнан қорғау жүйе іске қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Кеңейтілген антиспамдық қарап шығуға рұқсат ету – қосымша спамнан қорғау деректері кезеңді түрде жүктеледі, бұл спамнан қорғау мүмкіндіктерін күшейтеді және жақсырақ нәтижелер береді.
ESET Endpoint Security құрамындағы спамнан қорғау функциясы хабарлар үшін әр түрлі параметрлерді орнатуға мүмкіндік береді.
Хабарды өңдеу
Электрондық пошта тақырыбына мәтін қосыңыз – Cпам ретінде сыныпталған хабарлардың тақырып жолына таңдамалы префикс жолын қосу мүмкіндігін береді. Әдепкі мәні – «[СПАМ]».
Хабарларды спам қалтасына жылжыту – қосылған болса, спам хабарлар әдепкі қалаусыз электрондық пошта қалтасына жылжытылады, сондай-ақ, спам емес ретінде қайта жіктелген хабарлар «Кіріс» қалтасына жылжытылады. Электрондық хабарды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, мәтінмәндік мәзірде ESET Endpoint Security бағдарламасын таңдасаңыз, тиісті опциялардан таңдай аласыз.
Қалтаны пайдалану — Анықталған кезде вирус жұққан электрондық хабарлар жылжытылатын теңшелетін қалтаны көрсетіңіз.
Спам хабарларын оқылған ретінде белгілеу – осы опцияны спамды автоматты түрде оқылған ретінде белгілеу үшін қосыңыз. Бұл назарыңызды «таза» хабарларға аударуға көмектеседі.
Қайта сыныпталған хабарларды оқылмаған ретінде белгілеу – Бастапқыда спам ретінде, бірақ кейін «таза» болып белгіленген хабарлар оқылмаған ретінде көрсетіледі.
Спамды бағалауды тіркеу – ESET Endpoint Security спамға қарсы механизмі әр қарап шыққан хабарға спам бағасын тағайындайды. Хабар aнтиспам журналында (ESET Endpoint Security > Tools > Журнал файлдары > Спамнан қорғау) жазылады.
- Ешқайсысы – Оқ антиспамдық қарап шығу көрсеткіші журналға тіркелмейді.
- Пайдаланушы спам ретінде қайта жүйеледі және белгіледі – Мұны СПАМ ретінде белгіленген хабарлар үшін спам көрсеткішін жазу керек болса таңдаңыз.
- Барлығы – Барлық хабарлар журналға спам бағасымен бірге жазылады.
Қалаусыз электрондық пошта қалтасында хабарды бассаңыз, Таңдалған хабарларды спам ЕМЕС ретінде қайта жіктеу пәрменін таңдасаңыз болады, сонда хабар «Кіріс» қалтасына жылжытылады. «Кіріс» қалтасында спам деп есептейтін хабарды бассаңыз, Хабарларды спам ретінде қайта жіктеу пәрменін таңдаңыз, сонда хабар қалаусыз электрондық пошта қалтасына жылжытылады. Бірнеше хабарды таңдауға және әрекетті олардың барлығында бір уақытта орындауға болады. |
ESET Endpoint Security бағдарламасы Microsoft Outlook, Outlook Express, Windows Mail және Windows Live Mail бағдарламаларына арналған спамнан қорғауды қолдайды. |