ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Мекенжайлар тізімдері

Сұралмаған электрондық хаттардан қорғану үшін ESET Endpoint Security қолданбасы мекенжайлар тізімдеріндегі электрондық пошта мекенжайларын жіктеуге мүмкіндік береді.

Мекенжайлар тізімдерін өңдеу үшін Кеңейтілген баптау (F5) > Веб және электрондық пошта > Электрондық пошта клиентін қорғау > Спамнан қорғау мекенжайлар тізімдері бөлімін ашып, Пайдаланушы мекенжайларының тізімі немесе Ғаламдық мекенжайлар тізімі жанындағы Өңдеу түймешігін басыңыз.

PANEL_SMON_EDIT_WLBL

Бағандар

Электрондық пошта мекенжайы – Ереже қолданылатын мекенжай.

Атауы – Реттелетін ереже атауы.

Рұқсат ету/Блоктау/Ерекшелік – Электрондық пошта мекенжайы үшін қандай шара қолданылуы керектігін анықтау үшін пайдаланылатын ауыстырып-қосу түймешіктері (шараны тез өзгерту үшін қалаған бағандағы ауыстырып-қосу түймешігін басыңыз):

  • Рұқсат ету – Қауіпсіз деп саналатын және хабарларын алып отырғыңыз келген тұлғалардың мекенжайлары.
  • Блоктау – Қауіпті/спам болып саналатын және хабарларын алғыңыз келмейтін тұлғалардың мекенжайлары.
  • Ерекшелік – Спам емес екені әрқашан тексерілетін және спам жіберу үшін әдейі жасалған болуы мүмкін мекенжайлар.

Ескертпе – Ереженің қалай жасалғаны және оның бүкіл доменге/төменірек деңгейдегі домендерге қатыстылығы туралы ақпарат.

Мекенжайларды басқару

  • Қосу – Жаңа мекенжайға ереже қосу үшін басыңыз.
  • Өңдеу – Бұрыннан бар ережені өңдеу үшін таңдаңыз және басыңыз.
  • Жою – Ережені мекенжайлар тізімінен жойғыңыз келгенде таңдаңыз және басыңыз.