Қосымша ThreatSense параметрлері
Жаңадан жасалған, өзг-ген файл-ға арн. қосымша ThreatSense параметрлері – Жаңадан жасалған немесе өзгертілген файлдардың вирус жұқтыру ықтималдылығы бар файлдарға қарағанда жоғарырақ болады. Осы себепті бағдарлама бұл файлдарды қосымша қарап шығу параметрлерімен тексереді. Жалпы сигнатураға негізделген қарап шығу әдістерімен бірге анықтау механизмінің жаңартуы шықпас бұрын жаңа қауіптерді анықтай алатын кеңейтілген эвристика қолданылады. Жаңадан жасалған файлдарға қоса, қарап шығу, сонымен бірге, өздігінен ашылатын файлдарда (.sfx) және бумалаушының жұмыс уақыты файлдарында (іштей сығылған орындалатын файлдар) орындалады. Әдепкі мәні бойынша, мұрағаттарды 10-шы енгізу деңгейіне дейін қарап шығып, олар іс жүзіндегі өлшеміне қарамастан тексеріледі. Мұрағатты қарап шығу параметрлерін өзгерту үшін Әдепкі мұрағатты қарап шығу параметрлері опциясын өшіріңіз.
Орындалу уақытының бумалаушылары, Өздігінен ашылатын мұрағаттар және Кеңейтілген эвристика туралы қосымша мәліметтер алу үшін ThreatSense механизмінің параметрлерін орнату бөлімін қараңыз.
Орындалатын файлдардың қосымша ThreatSense параметрлері – Әдепкі бойынша, Кеңейтілген эвристика файлдар орындалғанда пайдаланылады. Қосылған болса, жүйе өнімділігіне әсерді азайту үшін Зерделі оңтайландыру опциясын және ESET LiveGrid® қосылған күйде сақтау ұсынылады.