Қарап шығуға қосылмаған файл кеңейтімдері
Кеңейтім – файл атауының нүктемен бөлінген бөлігі. Кеңейтім файлдың түрі мен мазмұнын анықтайды. ThreatSense параметрлерін реттеудің бұл бөлімі тексерілетін файл түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Басқа ерекшеліктер түрлерімен шатастырмау керек: |
Әдепкі бойынша, барлық файлдар қарап шығылады. Қарап шығуға қосылмаған файлдар тізіміне кез келген кеңейтімді қосуға болады.
Кейде белгілі бір файл түрлерін қарап шығу кеңейтімдерді пайдаланатын бағдарламаның дұрыс емес әрекетін тудырған жағдайда файлдарды қарап шығуға қоспаған дұрыс. Мысалы, Microsoft Exchange серверін пайдаланғанда .edb, .eml және .tmp кеңейтімдерін қоспауға кеңес беруге болады.
Тізімге жаңа кеңейтім қосу үшін Қосу опциясын басыңыз. Кеңейтімді бос өріске енгізіңіз (мысалы, tmp) және OK түймесін басыңыз. Бірнеше мәнді енгізу опциясын таңдаған кезде жолдармен, үтірлермен немесе нүктелі үтірлермен бөлінген бірнеше файл кеңейтімін қосуға болады (мысалы, бөлгіш ретінде ашылмалы мәзірден Нүктелі үтір опциясын таңдаңыз және edb;eml;tmp енгізіңіз). Арнайы таңбаны ? (сұрақ белгісі) пайдалануға болады. Сұрақ белгісі кез келген таңбаны білдіреді (мысалы, ?db). |
Windows операциялық жүйесінде файлдың дәл кеңейтімін (бар болса) көру үшін Басқару панелі > Қалта опциялары > Көрініс (қойынды) тармағында Белгілі файл түрлерінің кеңейтімдерін жасыру опциясынан құсбелгіні алу және осы өзгертуді қолдану керек. |