Желі
Желі бөлімі Кеңейтілген орнату ішіндегі мына компоненттерге не параметрлерге жылдам қатынасу мүмкіндігін береді:
•Желілік шабуылдаудан қорғау (IDS) — Желілік трафиктің құрамын талдайды және желілік шабуылдардан қорғайды. Зиянды деп есептелетін кез келген трафик блокталады. ESET Endpoint Antivirus қорғалмаған сымсыз желіге немесе қорғауы әлсіз желіге қосылғанда сізге хабарлайды.
•Ботнеттен қорғау – Жүйедегі зиянкес бағдарламаны жылдам және дәл анықтайды. Ботнеттен қорғауды түймесін басу арқылы белгілі бір уақыт кезеңіне өшіруге болады (ұсынылмайды).
•Уақытша IP мекенжайларының қара тізімі — Шабуылдар көзі ретінде анықталған және қосылымдарды белгілі бір уақыт кезеңіне блоктау мақсатында қара тізімге қосылған IP мекенжайлары тізімін қараңыз. Қосымша ақпарат бойынша осы опцияны басыңыз және F1 пернесін басыңыз.
•Ақаулықтарды жою шебері - ESET брандмауэры тудырған қосылым мәселелерін шешуге көмектеседі. Егжей-тегжейлі ақпаратты Ақаулықтарды жою шебері бөлімінен қараңыз.