ESET Password Manager – Мазмұны

ESET Password Manager мүмкіндігі қолданыстан шыққалы жатыр

ESET Password Manager мүмкіндігін қолданыстан шығарады. Сатылым аяқталатын күн: 2025 жылдың 21 қазаны. Осы күннен кейін пайдаланушылар жаңа жазылымды Password Manager арқыл сатып ала алмайды және ESET оны ауыстыратын бағдарламаны ұсынбайды.


Ескерту

Password Manager жарамдылық мерзімінің соңы

Password Manager жарамдылқ мерзімінің соңы — 2027 жылдың 18 қазаны. Осы күннен кейін Password Manager жұмысын тоқтатады және барлық деректер жойылады. Клиенттер өз есептік жазбаларына кіре алмайды және Password Manager ішідегі деректерін пайдалана алмайды. Бағдарлама енді мобильді қолданбалар мен кеңейтімдер дүкендерінде қолжетімді болмайды.

Жазылымыңызға әсер етуі

Белсендірілген Password Manager есептік жазбалары пайдаланушының ағымдағы жазылым кезеңі аяқталғанға дейін белсенді және пайдалануға жарамды болып қалады.

Алайда, 2025 жылдың 21 қазанынан кейін жазылымға енгізілген кез келген өзгерістер, мысалы, деңгейін жоғарылату, деңгейін төмендету, кеңейту немесе кішірейту әрекеттері жаңа Password Manager белсендіру әрекеттеріне жол бермейді.

Сату аяқталған күннен кейін жазылымын іске қосқан тұтынушылар Password Manager мүмкіндігін пайдалана алмайды. Бұл мүмкіндік кез келген ESET өнімінде немесе ESET HOME қызметінде көрсетілмейді.

Жылдық жазылым тұтынушылары үшін мәліметтер

Сату аяқталған күніне (2025 жылдың 21 қазаны) дейін жылдық жазылымын белсендірген тұтынушылар ағымдағы жазылым кезеңінің соңына дейін белсендіруге және пайдалануға Password Manager құқылы.

Жарамдылық мерзімінің соңғы күніне дейін алғашқы мерзімді ұзартуды жоспарлаған жылдық жазылым тұтынушылары үшінPassword Manager ағымдағы жазылым кезеңінің соңына дейін қолжетімді болады, сонымен қатар қосымша 14 күндік жеңілдік кезеңі де қолжетімді болады.

Жарамдылық мерзімінің соңғы күнінен кейін алғашқы жаңартуды жоспарлаған жылдық жазылым тұтынушылары үшін Password Manager 2027 жылдың 18 қазанына дейін қолжетімді болады.

Ай сайынғы жазылым тұтынушыларына арналған мәліметтер

Ай сайынғы автоматты түрде мерзімді ұзартуды орнатқан тұтынушылар Password Manager мүмкіндігін 2025 жылдың 5 желтоқсанына дейін пайдалана алады, яғни сату аяқталған күннен кейін бұл мүмкіндік бір ай, оған қоса қосымша 14 күн бойы қолжетімді болады. Егер тұтынушылар мерзімді ұзартудан бас тартса, олар оны шот ұсыну мерзімінің соңына дейін, сонымен қатар 14 күн бойы пайдалана алады.

Келесі қадамдар: Деректерді экспорттау

Деректерді жоғалтпау үшін Password Manager қызметінен құпиясөздерді экспорттау және екі факторлы аутентификация кодтарын тасымалдау бөлімін қараңыз.