Қойындыны таңдау
ESET HOME – Мазмұны

Сынақ нұсқасының жазылымы

ESET HOME ESET Smart Security Premium, ESET Small Business Security жазылымы сынақ нұсқалары мен Android жүйесіне арналған ESET Mobile Security тегін нұсқасын белсендіру опциясын ұсынады. Егер сізде бір сынақ нұсқасының жазылымы белсендірілген болса, екіншісін әлі де белсендіре аласыз.


Ескертпе

Сынақ нұсқасы жазылымындағы қолжетімді орындар

ESET Smart Security Premium жазылымының сынақ нұсқасы бір орыннан тұрады, ал ESET Small Business Security жазылымының сынақ нұсқасы бес орыннан тұрады.

Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы қорғауды тегін пайдаланып көріңіз:

1.ESET HOME есептік жазбаңызға кіріңіз және:

a)Егер ESET HOME есептік жазбаңызбен байланыстырылға жазылым болмаса, тіркелу кезіндегі Жазылым қадамында Тегін 30 күндік сынақ нұсқасын пайдалануды бастау түймешігін басып, Жалғастыру түймешігін басыңыз.

b)Жазылымдар бөлімін ашып, ESET-ті тегін сынап көру түймешігін басыңыз.

Сынақ нұсқасының жазылымы қолжетімді болмаса, жазылымды сатып алуға немесе тегін Android қорғанысымызды байқап көруге болады.

2.Сынақ нұсқасы жазылымының таңдаулы нұсқасын таңдаңыз:

Өз үйіңізді қорғаңыз (ESET Smart Security Premium)

Шағын кәсіпорныңызды қорғаңыз (ESET Small Business Security)

Опциялардың бірі қолжетімді болмаса, қолданылып жатыр деген сөз.


Маңызды

VPN-ді пайдалану рұқсаты

ESET VPN функциясын пайдалану үшін ESET VPN мен кемінде бір VPN белсендіру кодын қамтитын белсенді жазылым болуы тиіс. VPN-ді пайдалану рұқсаты тегін сынақ нұсқаларына кірмейді. Егер осы шарттарды орындамасаңыз, жазылымы бар біреуден VPN қорғанысын сұрай аласыз.

Сынақ нұсқасының жазылымы

3.Жалғастыру опциясын басыңыз.


Ескертпе

Әрбір сынақ нұсқасыныңжазылымын тек бір рет қана пайдаланып көруге болады.

4.Тегін сынақ нұсқасы белсендіріледі және құрылғыларды қорғауды бастауға немесе жазылымдарды көруге болады.

5.Жалғастыру опциясын басыңыз.