Қойындыны таңдау
ESET HOME – Мазмұны

Жазылым қосу

Есептік жазбаға сәтті кірген соң төмендегі нұсқауларды орындау арқылы жазылымыңызды қосыңыз.


Ескертпе

Әмбебап белсендіру кілті

home.eset.com Бағдарламасында бірнеше операция жасауға мүмкіндік беретін әмбебап белсендіру кілттеріне (мысалы, 12 айлық жазылым жасау немесе бар жазылымды 18 айға жаңарту) қолдау көрсетілмейді және олар әрқашан жаңа кілттер ретінде қосылады.

Алғаш рет жазылым қосу

Жазылымды алғаш рет белсендіретін жаңа пайдаланушы болсаңыз, "Бастау" тақырыбындағы нұсқауларды орындаңыз.

Басқа жазылым қосу

Есептік жазбаңызда бірнеше жазылымды сақтауға болады. Жаңа жазылым қосу үшін:

1.Жазылымдар бөлімінде Барлық жазылымдар түймешігін басыңыз.

2.Жоғарғы оң жақтағы + Қосу немесе сатып алу түймешігін басыңыз.

3.Жарамды белсендіру кілтін бос жолға жазыңыз немесе көшіріп қойыңыз да, Жазылым қосу түймешігін басыңыз.


Ескертпе

Белсендіру кілтін ESET электрондық поштасынан немесе қораптағы өніммен бірге берілетін жазылым картасынан/белгісінен табуға болады.

4.Сізге жазылым белсенді екені туралы хабарланады. Енді құрылғыны қорғай аласыз.

5.Жазылымдар бөлімінде + Қосу немесе сатып алу түймесін басыңыз.

6.Келесі опциялардың бірін таңдаңыз:

•Жазылымды белсендіру кілтін пайдалану арқылы қосыңыз— егер растау электрондық поштасынан немесе қораптағы өнімнен алынған кілт бар болса, осыны қолданыңыз.

•Жазылымды сатып алу немесе жаңарту— жаңа жазылымды сатып алу немесе қолданыстағы жазылымды жаңарту үшін осыны пайдаланыңыз.

a)Егер жаңартылатын жазылым табылса, қолданыстағы қорғаныс баптауыңызды сақтау үшін Жазылымды жаңарту үшін таңдау түймесін басыңыз немесе жаңа жазылымды сатып алу үшін Қалай болғанда да жаңасын сатып алу түймесін басыңыз.

b)Егер жаңартылатын жазылым табылмаса, сатып алуды жалғастыру үшін Жазылымды сатып алу түймесін басыңыз.

•Тегін 30 күндік сынақ нұсқасын бастаңыз— сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын ESET қорғанысын сынап көру мақсатынды осыны пайдаланыңыз.

7.Жалѓастыру тџймесін басыњыз.

8.Сізге жазылымыңыз белсенді екені туралы хабарланады. Енді құрылғыны қорғай аласыз.

Жазылым автоматты түрде қосылды

Электрондық пошта мекенжайлары жазылымды тіркеу мен ESET HOME есептік жазбасын тіркеу кезінде бірдей болса, ESET HOME есептік жазбасын жасаған кезде, жазылымдар автоматты түрде байланыстырылады.

Жазылымымды ESET HOME есептік жазбасына қосу мүмкін емес

•Жазылымыңыз қарақшылық жолмен алынған болуы мүмкін. ESET техникалық қолдау қызметімен хабарласыңыз.

•Сізге төменде көрсетілген "Бұл жазылым басқа ESET HOME есептік жазбасы арқылы басқарылады" қате туралы хабары келді. Бұл хабар сіз енгізген белсендіру кілтінің басқа ESET HOME есептік жазбасымен байланысты екенін білдіреді.

a)Жазылымды сатушыдан сатып алсаңыз, оған хабарласып, аккаунтыңызға тағайындауын сұраңыз. Қосымша көмек қажет болса, ESET техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

b)Бұл сіздің екінші ESET HOME есептік жазбаңыз болса, оны жою керек (деректері аз не жоқ есептік жазбаны жойған дұрыс). Есептік жазба өшірілгеннен кейін, лицензия босайды және оны негізгі ESET HOME есептік жазбаңызға белсендіру кілтімен қоса аласыз. Визуалды нұсқаулар алу үшін Білім қорының мақаласын қараңыз.