Сервер тарапынан бақылау
Сервер тарапынан бақылау – алынған хабарлардың саны мен пайдаланушыларың жауап әрекеттерінің негізінде жаппай спамды анықтау әдісі. Хабардың мазмұнына байланысты әрбір хабар бірегей сандық «із» қалдырады. Бұл – электрондық поштаның мазмұны туралы еш мәлімет бермейтін бірегей ұқсатқыш нөмір. Екі ұқсас хабар бірдей із қалдырады, ал әртүрлі хабарлардың іздері әртүрлі болады.
Егер бір хабар спам деп белгіленсе, оның ізі серверге жіберіледі. Егер сервер тағы да ұқсас іздер (белгілі бір спам хабарына сәйкес келетін) алса, із спам іздері дерекқорында сақталады. Кіріс хабарларын қарап шығу кезінде бағдарлама хабарлардың іздерін серверге жібереді. Сервер қай іздердің пайдаланушылар спам деп белгілеп қойған хабарларға сәйкес келетіні туралы ақпарат береді.