Спам алаяқтығын анықтау
Жалпы алғанда, пошта жәшігіңізден спамды (ерікті электрондық пошта хабарлары) анықтауыңызға көмекетесетін бірнеше индикаторлар бар. Егер хабар кемінде мына шарттардың біразын орындаса, ол спам хабарға көп ұқсайды.
•Жіберуші мекенжайы контактілеріңіздің тізіміндегі ешкімге тиесілі емес.
•Сізге үлкен мөлшерде ақша ұсынылды, бірақ сіз оны алу үшін алдымен аз мөлшерде ақша жіберуіңіз қажет.
•Сізден әр түрлі алдау арқылы (деректерді тексеру, қаржылық операциялар) жеке деректеріңізді – банк есепшотының нөмірі, пайдаланушы аттары мен құпиясөздер, т.б. енгізуді сұрайды.
•Ол шет тілінде жазылған.
•Сізден қызығушылық танытпайтын өнімді сатып алуды сұрайды. Егер сіз бәрібір сатып алуға шешім қабылдасыңыз, хабар жіберушінің сенімді сатушы екеніне көз жеткізіңіз (негізгі өнім өндірушімен ақылдасыңыз).
•Кейбір сөздер спам сүзгісін алдау үшін қате жазылады. Мысалы «виагра» орнына «ваигра».