ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Руткит

Руткиттер – интернет шабуылдаушыларына бар екенін жасырып, жүйеге шектеусіз қатынас беретін зиянды бағдарламалар. Жүйемен қатынас орнатқаннан кейін (әдетте жүйедегі осалдықты пайдаланып) руткиттер антивирус бағдарламасын анықтауға жол бермеу үшін операциялық жүйедегі функцияларды пайдаланады: олар үрдістерді, файлдарды және Windows тіркелім деректерін жасырады. Осы себепті оларды әдеттегі тексеру әдістерін пайдаланып табу мүмкін емес дерлік.

Руткиттерді болдырмау үшін анықтаудың екі деңгейі бар:

1.Олар жүйеге қатынасуға тырысқанда: Олар әлі жоқ, сондықтан енжар. Бұл деңгейде антивирус жүйелерінің көпшілігі руткиттерді жоя алады (олар мұндай файлдарға шын мәнінде вирус жұққанын табады деп жорамалдағанда).

2.Әдеттегі тексеруден жасырылған кезде: ESET пайдаланушыларында белсенді руткиттерді анықтап, жоя алатын Anti-Stealth технологиясының артықшылығы бар.