ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Алаяқтықтар

Жалған хабар – интернетте таратылатын дұрыс емес ақпарат. Жалған хабарлар әдетте электрондық пошта немесе ICQ және Skype сияқты байланыс құралдары арқылы жіберіледі. Хабардың өзі көбінесе әзіл немесе ойлап шығарылған әңгіме болады.

Компьюьтер вирусы бар жалған хабарлар алушыларға қорқыныш, сенімсіздік және күмән тудыруға тырысып, файлдарды жоятын және құпиясөздерді шығарып алатын немесе жүйесінде басқа зиянды әрекетті жүзеге асыратын «табылмайтын вирус» бар деп оларды сендіреді.

Кейбір жалған хабарлар алушылардан хабарларды контактілеріне қайта жіберуді сұрап, жалған хабарды мәңгі сақтау арқылы жұмыс істейді. Адамдар шетелден ақша жіберуіңізге ұсыныс жасайды, т.б. сияқты көмек сұрайтын ұялы телефонның жалған хабарлары бар. Көбінісе жасағандардың мақсатын түсіну мүмкін емес.

Егер сіз білетін адамдарыңыздың барлығына жіберуіңізді сұранған хабарды көрсеңіз, ол іс жүзінде жалған хабар болуы мүмкін. Интернетте электрондық пошта хабары заңды ма, соны тексеруге болатын көп веб-тораптар бар. Кез келген хабарды қайта жібермес бұрын, жалған хабар деп күдіктенген хабарыңызды интернеттен іздеп көріңіз.