Фишинг
Фишинг термині әлеуметтік жобалаудың тәсілдерін (құпия ақпарат алу үшін пайдаланушыларды қолдан жасау) пайдаланатын қылмыстық әрекетті анықтайды. Оның мақсаты банктегі есепшот нөмірлері, PIN кодтары, т.б. сияқты құпия ақпаратқа қол жеткізу болып табылады.
Әдетте, сенімді адам немесе ұйым (қаржы институты, сақтандыру компаниясы) ретінде таныстыратын электрондық пошта жіберу арқылы қол жеткізеді. Электрондық пошта шынайы болып көрінуі мүмкін және ол басқа біреу орнына таныстыратын жерден келуі мүмкін суреттер мен мазмұнды қамтиды. Сізден әртүрлі алдау жолдарымен (деректерді тексеру, қаржы жұмыстары) кейбір жеке деректеріңізді – банктегі есепшот нөмірлерін немесе пайдаланушы аттары мен құпиясөздерді енгізуді сұрайды. Мұндай деректердің барлығы жіберілген жағдайда оңай ұрланып, басқа мақсатқа пайдаланылуы мүмкін.
Банктер, сақтандыру компаниялары және басқа да заңды компаниялар ешқашанда пайдаланушы аттары мен құпиясөздерді ерікті электрондық поштамен сұрамайды.