ESET Safe Server – Мазмұны

Құрылғыны басқару

ESET Safe Server қолданбасы құрылғыны (CD/DVD/USB/т.б.) автоматты басқару мүмкіндігін береді. Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды бұғаттауға немесе реттеуге және пайдаланушылардың осы құрылғыға қатынасу және онымен жұмыс істеу мүмкіндігін анықтайды. Бұл құрылғы әкімшісі пайдаланушылардың қалаусыз мазмұны бар құрылғыларды пайдалануға жол бермеуді қалаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.

Қолдау көрсетілген сыртқы құрылғылар:

Диск сақтау құралы (HDD, USB алынбалы дискі)

CD/DVD

Принтер USB

FireWire Сақтау құралы

Bluetooth Құрылғы

Смарт карта оқушы

Кескін құрушы құрылғы

Модем

LPT/COM порт

Портативті құрылғы (мультимедиа ойнатқыштар, смартфондар, қосып-ойнату құрылғылары және т.б. сияқты батареямен жұмыс істейтін құрылғылар)

Барлық құрылғы түрлері

«Құрылғы басқаруды орнату» опцияларын Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Құрылғыны басқару бөлімінде өзгертуге болады.

Құрылғыны басқару мүмкіндігін іске қосу үшін ESET Safe Server ішінде Құрылғыны басқаруды іске қосу ауыстырып қосқышын басыңыз; бұл өзгеріс күшіне енуі үшін құрылғыны өшіріп, қайта қосуыңыз керек. Құрылғыны басқару мүмкіндігі іске қосылған соң Ережелер өңдегіші терезесінде Ережелерді анықтауға болады.


Ескертпе

Сіз әр түрлі ережелер қоладнылатын әртүрлі құрылғы топтарын жасай аласыз. Сондай-ақ, Рұқсат ету немесе Жазуға тыйым салу шараларын қамтитын ереже қолданылатын құрылғылардың тек бір тобын жасай аласыз. Құрылғыға қосылғанда, танылмаған аппараттық жасақтаманың құрылғы басқару элементімен блокталуын қамтамасыз етеді.

Егер бар ережемен блокталған құрылғы салынса, хабарландыру терезесі көрсетіледі және құрылғыға қатынас берілмейді.