Брандмауэр ережелерінің тізімі
Брандмауэр ережелері тізімін Ережелер жанындағы Өңдеу опциясын басып, Кеңейтілген орнату (F5) > Желіні қорғау > Брандмауэр > Кеңейтілген тармағында табуға болады.
Бағандар
Атауы - ереженің атауы.
Қосылған – ереже қосылған немесе өшірілгенін көрсетеді, ережені белсендіру үшін сәйкес құсбелгіні қою керек.
Протокол – осы ереже жарамды протоколды көрсетеді.
Профиль – осы ереже жарамды брандмауэр профилін көрсетеді.
Әрекет – байланыс күйін (блоктау/рұқсат ету/сұрау) көрсетеді.
Бағыт – байланыс бағыты (кіріс/шығыс/екеуі де).
Жергілікті — Қашықтағы IPv4 немесе IPv6 мекенжайы/ауқымы/ішкі желісі және жергілікті компьютердің порты.
Қашықтағы — Қашықтағы IPv4 немесе IPv6 мекенжайы/ауқымы/ішкі желісі және қашықтағы құрылғының порты.
Қолданба – Ереже қолданылатын қолданбаны көрсетеді.

Басқару элементтері
Қосу – Жаңа ережені жасайды.
Өңдеу – Бар ережені өңдеу.
Жою — Бар ережені жою.
Көшіру - Таңдалған ереженің көшірмесін жасау.
Кірістірілген (алдын ала анықталған) ережелерді көрсету – белгілі бір байланыстарға рұқсат ететін немесе тыйым салатын ESET Smart Security Premium арқылы алдын ала анықталған ережелер. Бұл ережелерді өшіруге болады, бірақ алдын ала анықталған ережені жою мүмкін емес.
Жоғарғы жағы/Жоғары/Төмен/Төменгі жағы – ережелердің басымдық деңгейін реттеуге мүмкіндік береді (ережелер жоғарғы жақтан төменгі жаққа қарай бағаланады).
Ережелерді атауы, протоколы немесе порты бойынша іздеу үшін жоғарғы оң жақтағы іздеу белгішесін |
