Антиұры
Біз күнделікті жұмыстан үйге қатынағанда немесе басқа жерге барғанда үнемі жеке құрылғыларды жоғалту не ұрлату қаупі болады. Антиұры — құрылғы жоғалған не ұрланған жағдайда пайдаланушының қауіпсіздігін кеңейтетін мүмкіндік. Құрылғыңыз жоғалса немесе ұрланса, Антиұры қолданбасы құрылғының қалай пайдаланылып жатқанын бақылауға және ESET HOME есептік жазбасында жоғалған құрылғының IP мекенжайы арқылы орналасқан жерін табуға мүмкіндік береді, осылайша құрылғыңызды қайтаруға және жеке деректеріңізді қорғауға көметеседі.
Географиялық IP мекенжайын іздеу, веб-камераның кескін жазушы, пайдаланушы есептік жазбасын қорғау және Антиұры құрылғы мониторингі секілді жаңа технологияларды пайдалану сізге және құқық қорғау органдарына жоғалған не ұрланған компьютеріңізді немесе құрылғыңызды табуға көмектеседі. ESET HOME Есептік жазбасында компьютерде немесе құрылғыда қандай әрекет орындалатынын көруге болады.
ESET HOME ішінде Антиұры туралы қосымша ақпарат алу үшін ESET HOME Онлайн анықтама бөлімін қараңыз.
Антиұры қолданбасы пайдаланушы есептік жазбаларын басқарудағы шектеулерге байланысты домендердегі компьютерлерде дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. |
Антиұры Бағдарламасын қосудан кейін құрылғыңыздың қауіпсіздігін бағдарламаның негізгі терезесі > Реттеу > Қауіпсіздік құралдары > Антиұры тармағында оңтайландыруға болады.
Оңтайландыру опциялары
Ешбір Фантом есептік жазба жасалмаған
Фантом есептік жазбаны жасау жоғалған немесе ұрланған құрылғыны табу мүмкіндігін арттырады. Егер құрылғыңызды жоғалды деп белгілесеңіз, Антиұры қолданбасы құпия деректеріңізді қорғау үшін белсенді пайдаланушы есептік жазбаларына қатынасуға тыйым салады. Құрылғыны пайдалануға талпыныс жасаған кез келген адамға тек фантом есептік жазбаны пайдалануға рұқсат етіледі. Фантом есептік жазба — шектелген рұқсаттарды қамтитын, қонақ есептік жазбасының түрі. Ол құрылғыңыз табылғанға дейін әдепкі жүйе есептік жазбасы ретінде пайдаланылады. Ол кез-келген адамның басқа пайдаланушы есептік жазбаларына кіруіне немесе пайдаланушының деректеріне кіруіне жол бермейді.
Компьютеріңіз қалыпты жағдайда болған кезде біреу Фантом есептік жазбаға кірсе, сізге компьютеріңіздегі күдікті әрекет туралы ақпараты бар хабарландыру электрондық хат арқылы жіберіледі. Электрондық пошта хабарландыруын алғаннан кейін компьютерді жоғалды деп белгілеуге болады. |
Фантом есептік жазба жасау үшін Фантом есептік жазба жасау түймешігін басып, мәтін өрісіне Фантом есептік жазба атауын теріп, Жасау түймешігін басыңыз.
Фантом есептік жазба жасалған кезде есептік жазба атын өзгерту немесе есептік жазбаны жою үшін Фантом есептік жазбаның параметрлері түймешігін басыңыз.
Windows есептік жазбаларын құпия сөзбен қорғау
Пайдаланушылық есептік жазбаңыз құпия сөзбен қорғалмаған. Кемінде бір пайдаланушы есептік жазбасы құпия сөзбен қорғалмаған болса, осы оңтайландыру ескертуін аласыз. Компьютерді пайдаланатын барлық пайдаланушылар (Фантом есептік жазбаны қоспағанда) үшін құпия сөз жасалса, бұл мәселе шешіледі.
Пайдаланушы есептік жазбасына құпия сөз жасау үшін Windows есептік жазбаларын басқару түймешігін басып, құпия сөзді өзгертіңіз немесе төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
1.Пернетақтаға CTRL+Alt+Delete пернелер тіркесімін басыңыз.
2.Құпия сөзді өзгерту түймешігін басыңыз.
3.Ескі құпия сөз өрісін бос қалдырыңыз.
4.Құпия сөзді Жаңа құпия сөз және Құпия сөзді растау өрістеріне енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
Windows Есептік жазбаларына автоматты кіру
Пайдаланушылық есептік жазбаңызда автоматты түрде кіру мүмкіндігі іске қосылған; сондықтан есептік жазбаңыз рұқсатсыз кіруден қорғалмаған. Егер кемінде бір пайдаланушы есептік жазбасында автоматты түрде кіру мүмкіндігі іске қосылған болса, осы оңтайландыру ескертуін аласыз. Осы оңтайландыру мәселесін шешу үшін Автоматты кіруді өшіру түймешігін басыңыз.
Фантом есептік жазбаны автоматты түрде кіру
Құрылғыңыздағы Фантом есептік жазба үшін автоматты кіру іске қосылған. Құрылғы қалыпты күйде болған кезде автоматты кіруді қолдануды ұсынбаймыз, себебі ол шын пайдаланушы есептік жазбасына кіруде қиындықтар туғызуы немесе компьютеріңіздің жоғалды деген күйі туралы жалған ескерту жіберілуі мүмкін. Осы оңтайландыру мәселесін шешу үшін Автоматты кіруді өшіру түймешігін басыңыз.