Анықтама беттері
ESET Small Business Security Пайдаланушы нұсқаулығына қош келдіңіз. Мұнда берілген ақпарат сізді өніммен таныстырады және компьютеріңізді қауіпсізірек етуге көмектеседі.
Жұмысты бастау
ESET Small Business Security пайдаланбас бұрын, компьютерді пайдаланған кезде кездесуі мүмкін әр түрлі анықталған элемент түрлерімен және қашықтағы шабуылдармен танысуға болады.
Сіз ESET Small Business Security қолданбасын орнатудан бастаңыз. Егер сізде ESET Small Business Security бұрыннан орнатылған болса, ESET Small Business Security қолданбасымен жұмыс істеу бөлімін қараңыз.
ESET Small Business Security Анықтама беттерін пайдалану әдісі
Онлайн анықтама бірнеше тараулар мен ішкі тарауларға бөлінеді. Қазір ашық терезе туралы ақпаратты көру үшін ESET Small Business Security ішіндегі F1 түймешігін басыңыз.
Бағдарлама анықтама тақырыбын кілтсөз(дер) арқылы іздеуге, я болмаса, мазмұнды сөздерді немесе сөз тіркестерін теру арқылы іздеуге мүмкіндік береді. Осы екі әдістің арасындағы айырмашылық — мәтінінде белгілі бір кілтсөз жоқ анықтама беттеріне кілтсөздің логикалық түрде қатысты болуында. Сөздер мен сөз тіркестерімен іздеу барлық беттің мазмұнын іздеп, нағыз мәтінде ізделген сөздер мен сөз тіркестерін қамтитындарын ғана көрсетеді.
Үйлесімділік үшін және шатасуды болдырмау үшін бұл нұсқаулықта пайдаланылған терминология ESET Small Business Security пайдаланушы интерфейсіне негізделген. Сондай-ақ біз әсіресе қызық тақырыптарды ерекше бөліп көрсету үшін бірыңғай таңбалар жинағын пайдаланамыз.
Ескертпе — бар болғаны қысқаша бақылау. Өткізіп жіберуге болғанымен, ескертпелер арнайы мүмкіндіктер немесе бір қатысты бөлімге сілтеме сияқты құнды ақпаратты бере алады. |
Бұл назар аударыңызды талап етеді, біз мұны өткізіп жібермеуге шақырамыз. Әдетте, ол сындарлы емес, бірақ маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. |
Бұл ақпарат ерекше көңіл бөлуді және сақтықты талап етеді. Ескертелер ықтимал зиянды қателер жасаудан ұстап қалу үшін арнайы орналастырылады. Мәтінді оқыңыз және түсініңіз, өйткені ол өте маңызды жүйелік параметрлерге немесе қауіпті нәрселерге қатысты. |
Бұл — белгілі бір функцияны немесе мүмкіндікті пайдалану әдісін түсінуге көмектесетін пайдалану жағдайы немесе тәжірибе жүзіндегі мысал. |
Шартты белгі |
Мағынасы |
---|---|
Қалың түр |
Жолақтар және опция түймелері сияқты интерфейс элементтерінің атаулары. |
Көлбеу түр |
Сіз ұсынатын ақпаратқа арналған орын толтырғыштар. Мысалы, файл атауы немесе жол файлдың нақты жолын немесе атауын теретініңізді білдіреді. |
Courier New |
Код үлгілері немесе пәрмендер. |
Айқас сілтеме жасалған тақырыптарға немесе сыртқы интернеттегі орынға жылдам және оңай қатынасты қамтамасыз етеді. Еренсілтемелер көк түспен бөлектеледі және асты сызылуы мүмкін. |
|
%ProgramFiles% |
Windows жүйесінде орнатылған бағдарламалар сақталатын Windows жүйелік каталогы. |
Онлайн анықтама — анықтамалық мазмұнның негізгі көзі. Соңғы онлайн анықтама нұсқасы жұмыс интернет байланысы болған кезде автоматты түрде көрсетіледі.