Анықтауға қосылмаған қолданбалар тізімі
ESET Small Business Security Бағдарламасындағы брандмауэр ережелер бар бағдарламаларды өзгертулерді анықтайды (Бағдарламаны өзгертуді анықтау бөлімін қараңыз).
Белгілі бір жағдайларда бұл функцияны кейбір бағдарламалар үшін пайдалануды қаламай, брандмауэр арқылы тексеруден шығарғыңыз келуі мүмкін.
Қосу – Анықталған түрлендірулер тізімінен шығарылған қолданбалар тізіміне қосылатын қолданбаны таңдауға мүмкіндік беретін терезені ашады. Брандмауэр ережесі қолданылатын ашық желілік байланысты қолдайтын, жұмыс істеп тұрған қолданбалар тізімін таңдауға болады немесе белгілі бір қолданбаны қосуға болады.
Өгерту – Анықталған түрлендірулер тізімінен шығарылған қолданбалардың тізіміндегі кез келген қолданбаның орналасқан жерін өзгертуге мүмкіндік беретін терезені ашады. Брандмауэр ережесі қолданылатын ашық желілік байланысты қолдайтын, жұмыс істеп тұрған қолданбалар тізімін таңдауға болады немесе орналасқан жерді қолмен өзгертуге болады.
Жою – Өзгертуді анықтаудан шығарылған бағдарламалар тізімінен жазбаларды жояды.