Жою
ESET Mobile Security ESET Mobile Security бағдарламасының негізгі мәзірінде қолжетімді Жою шебері арқылы жоюға болады.
1.Мәзір түймесін түртіңіз.
2.Параметрлер түймесін түртіңіз.
3.Жою опциясын түртіңіз.
4.Anti-Theft қорғанысы іске қосылған болса, сізден ESET Mobile Security қауіпсіздік PIN кодын/өрнегін немесе саусақ ізін енгізу сұралады.
5.Жою опциясын түртіңіз.
Я болмаса, өнімді қолмен жою үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
Android 6 және одан ертерек нұсқа:
1.Android негізгі экранында Қосқыш белгішесін түртіңіз (немесе «Басты» > «Мәзір» тармағына өтіңіз) және Параметрлер > Қауіпсіздік > Құрылғы әкімшілері тармағын түртіңіз. ESET Mobile Security Бағдарламасын таңдап, Өшіру пәрменін түртіңіз. Құлпын ашу пәрменін түртіп, қауіпсіздік PIN кодын/өрнегін енгізіңіз. Қолданба енді құрылғы әкімшісі ретінде анықталмаған болса, бұл қадамды өткізіп жіберуге болады.
2.Параметрлер тармағына оралып, Қолданбаларды басқару > ESET Mobile Security > Жою тармағын түртіңіз.
Android 7 және одан кейінгі нұсқа:
1.Параметрлер тармағына оралып, Қолданбаларды басқару > ESET Mobile Security > Жою тармағын түртіңіз. Anti-Theft қорғанысы қосылған болса, сізден құрылғы әкімшісін жою алдында ESET Mobile Security үшін оны өшіру сұралуы мүмкін.
Немесе
1.Негізгі мәзірді ашу үшін түртіңіз.
2.Параметрлер опциясын таңдаңыз.
3.Жою опциясын түртіңіз.
4.Шешіміңізді растау үшін Жою опциясын қайта түртіңіз.