Іске қосу
ESET Mobile Security өніміндегі премиум нұсқаның мүмкіндіктерін құлыптан босату үшін ESET Mobile Security. өнімін белсендіруіңіз керек
ESET Mobile Security бағдарламасын белсендірудің бірнеше жолы бар. Нақты белсендіру әдісінің қолжетімділігі еліңізге, сонымен бірге, тарату әдісіне (ESET веб-беті, Google Play) байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Сізде лицензия әлі жоқ болса
1.Негізгі мәзірді ашу үшін мәзір түймешігін түртіңіз.
2.Негізгі мәзірдегі Лицензия опциясын түртіңіз.
3.Лицензияңыз бөліміндегі Премиум нұсқасы жазылымына жаңарту түймешігін түртіңіз.
4.Ай сайын немесе Жыл сайын жазылым жоспарын таңдаңыз. Жазылым жоспарын таңдаудан кейін. Жазылым жоспарын таңдаудан кейін жазылым сіз таңдаған аралықта автоматты түрде жаңартылады.
5.Сіз Google Play арқылы сатып алуды аяқтауға бағытталасыз.
6.Сіз Google Play тіркелгіңізбен байланысты электрондық пошта мекенжайына тапсырыс нөмірі бар Google Play тапсырыс түбіртегін аласыз. Сондай-ақ сіз ESET компаниясынан сол электрондық пошта тіркелгісіне лицензияңыз туралы ақпарат бар электрондық хабар (жауап беру керек емес) аласыз. Бұл электрондық хабарларды болашақта анықтама алу үшін сақтаңыз.
7.Google Play сатып алу сәтті аяқталғаннан кейін өніміңіз автоматты түрде іске қосылады.
Лицензияны ESET.com арқылы сатып алсаңыз:
Лицензиялық кілт — пішімделген бірегей жол: XXXX-XXXX-XXXX-XXXX-XXXX ол лицензия иесін анықтау үшін пайдаланылады. Оны ESET компаниясынан алған электрондық хабарда немесе сатып алған қораптағы лицензия карточкасында табуға болады.
Мүмкіндіктердің қолжетімділігі «Ұсыну кодтары» сияқты кейбір мүмкіндіктер тек Google Play лицензия иелеріне қолжетімді; өнім eset.com сайтынан сатып алынған лицензиямен белсендірілсе, бұл мүмкіндіктер белсенді емес болып қалады. |
Сізде лицензия бұрыннан бар болса
Құрылғыңызды ESET HOME қызметіне қосып, ESET Mobile Security бағдарламасын ESET HOME қызметімен байланыстырылып қойған лицензия кілтімен белсендіруіңіз керек
Құрылғыңызды ESET HOME қызметіне қосып, ESET Mobile Security бағдарламасын белсендіру үшін ESET HOME қызметіне қосылу тақырыбына кіріңіз.
ESET HOME Қызметінсіз белсендіру
1.Мәзір түймешігін түртіп, негізгі мәзірге өтіңіз.
2.ESET Mobile Security негізгі экранындағы Лицензия опциясын түртіңіз және Лицензия кілтін енгізу опциясын таңдаңыз.
3.Өрісте лицензиялық кілтті теріп, Іске қосу пәрменін түртіңіз.
4.Лицензияңызды тексеру аяқталғанда Іске қосу сәтті аяқталды хабары көрсетіледі.
5.Терезені жабу үшін Аяқтау пәрменін түртіңіз.