Параметрлер
ESET Mobile Security Негізгі экранында «Мәзір» пәрменін түртіңіз (немесе құрылғыда Menu түймесін басывңыз) және Параметрлер тармағын түртіңіз.
Қосалқы көшірме жасау және қалпына келтіру
ESET Mobile Security қолданбасы ESET Mobile Security параметрлерін қамтитын қосалқы көшірме файлын жасау мүмкіндігін береді. Бұл файлды сыртқы құрылғыға жүктеп алып, оны ESET Mobile Security параметрлерін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.
Тіл
Әдепкі бойынша, ESET Mobile Security құрылғыда жүйелік әдепкі ретінде орнатылған тілде орнатылады (Android операциялық жүйесінде Тіл және пернетақта параметрлерінде). Қолданбаның пайдаланушылық интерфейсінің тілін өзгерту үшін «Тіл» опциясын түртіп, қалаған тілді таңдаңыз.
Тұрақты хабарландыру
(Бұл опция Android 7 және алдыңғы нұсқаларында ғана қолжетімді)
ESET Mobile Security Android хабарландыру жолағының төменгі бөлігінде хабарландыруды көрсетеді. Бұл хабарландырудың көрсетілуін қаламасаңыз, Тұрақты хабарландыру опциясынан таңдауды алып, Өшіру пәрменін түртіңіз.
Тұтынушы тәжірибесін жақсарту бағдарламасы
ESET Mobile Security бағдарламамыз бен қызметтерімізді жақсартуға көмектесетін анонимдік бағдарлама ақпаратын (өнімділік, жұмыс статистикасы) жібереді.
Арнайы ұсыныстар
Сіз ESET компаниясынан өнім ішіндегі жаңалықтарды және соңғы ұсыныстарды аласыз.
Жаңарту
Ең жоғары қорғау үшін соңғы ESET Mobile Security нұсқасын пайдалану маңызды. ESET веб-сайтынан жүктеу үшін жаңарақ нұсқа қолжетімді босла, Жаңарту пәрменін түртіңіз. ESET Mobile Security бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеген болсаңыз, бұл опция қолжетімді болмайды. Бұл жағдайда, өнім Google Play дүкенінен жаңартылады.
Жою
«Жою шеберін» іске қосу ESET Mobile Security бағдарламасын құрылғыдан біржола жояды. Anti-Theft қорғанысы іске қосылған болса, сізден ESET Mobile Security қауіпсіздік PIN кодын/өрнегін немесе саусақ ізін енгізу сұралады. Өнімді қолмен жою үшін осы бөлімде сипатталған қадамдарды орындаңыз.
Жоюдан қорғау Android жүйесінің 7.0 және кейінгі нұсқаларында жоюдан қорғау белсенді емес. |