ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Бастау шебері

Орнатқаннан кейін, іске қосу шеберінде экранға шыққан нұсқауларды орындаңыз:

important

ESET Mobile Security Үшін рұқсаттарды қосу

Бұл нұсқаулық қолда бар Android параметрлеріне негізделген. Рұқсатты іске қосу процесі құрылғы маркасына қарай әртүрлі болуы мүмкін.

1.Ел тармағын түртіп, қолданылатын елді таңдаңыз.

2.Тіл тармағын түртіңіз және қолданылатын тілді таңдаңыз. Тілді кейін бағдарлама параметрлерінде өзгертуге болады.

3.Соңғы пайдаланушымен лицензиялық келісімге және Құпиялылық саясатына келісу үшін Келесі түймесін түртіңіз.

4.Егер қолданылса, келесі опцияларға рұқсат беріңіз және Келесі түймешігін түртіңіз.

ESET LiveGrid© кері байланыс жүйесі ESET LiveGrid© туралы қосымша ақпаратты оқу үшін Кеңейтілген параметрлер бөліміне кіріңіз.

ESET компаниясынан жарнамалық жеңілдіктер мен өнімдер туралы жаңалықтар жіберуге рұқсат ету

5.Мобильді құрылғыңызды есептік жазбаңызға қосу және ESET Mobile Security өнімін белсендіру үшін ESET HOME есептік жазбаңызға кіріңіз.

arrow_down_home Google арқылы жалғастыру
arrow_down_homeApple арқылы жалғастыру
arrow_down_homeQR кодын сканерлеу
arrow_down_homeЭлектрондық пошта арқылы жалғастыру

Егер сізде ESET HOME есептік жазбасы болмаса немесе мобильді құрылғыңызды ESET HOME есептік жазбаңызға қосқыңыз келмесе, Өткізіп жіберу опциясын түртіңіз. ESET HOME есептік жазбаңызға кейінірек ESET Mobile Security қолданбасынан кіруіңізге болады.

Бұл қадамды өткізіп жіберуді таңдасаңыз, сізден ESET лицензиясын тіркеу және Техникалық қолдау қызметі туралы электрондық хаттар келетін электрондық пошта есептік жазбасын таңдау сұралатын болады. Қолжетімді электрондық пошта есептік жазбаларының тізімін көрсету үшін Электрондық пошта мекенжайын таңдау белгішесін түртіңіз. Тіркелгілер тізімінен электрондық поштаны таңдаңыз немесе құрылғыңызға жаңа электрондық пошта тіркелгісін қосу үшін Тіркелгі қосу пәрменін түртіңіз. Жалғастыру үшін OK пәрменін түртіңіз. Есептік жазбаны құрылғыға қоспай басқа электрондық пошта тіркелгісін пайдалану үшін Электрондық пошта мекенжайын таңдау > Бас тарту тармағын түртіңіз. Осы әркетті екі рет қайталаңыз. Электрондық поштаңызды енгізіп, жалғастыру үшін Таңдау опциясын түртіңіз.

6.Іске қосу шеберінің соңғы қадамы құрылғыңыздағы Android нұсқасына қарай әртүрлі болуы мүмкін.

arrow_down_homeAndroid 6-10
arrow_down_homeAndroid 11 және одан кейінгі нұсқа

important

Батарея қорғағыш

Құрылғы өндірушілерінің көбісі Android 6 және кейінгі нұсқасы орнатылған құрылғыларға батарея қорғағышты және батареяны үнемдеу опцияларын енгізді. Бұл мүмкіндік қосылған кезде ESET Mobile Security ішіндегі Антифишинг функциясын өшіреді. Осы мүмкіндік бар құрылғыларда ESET Mobile Security Антифишинг функциясының қосылған батареяны үнемдеу мүмкіндігімен жұмыс істеуі үшін ерекшелік жасау қажет болады. Ерекшелік жасау үшін құрылғы өндірушілерінің құжаттамасын қарап шығыңыз.