Кеңейтілген параметрлер
Қарап шығу деңгейі
Ішінен таңдауға болатын екі қарап шығу деңгейі бар:
•Зерделі - зерделі қарап шығу орнатылған қолданбаларды, DEX файлдарын (Android ОЖ орындалатын файлдарын), SO файлдарын (кітапханалар), 3 кірістірілген мұрағат ең көп қарап шығу тереңдігі бар мұрағаттарды және SD картасының мазмұнын қарап шығады.
•Терең — терең қарап шығу ішкі жад картасында да, SD картасында да кеңейтіміне қарамастар барлық файл түрлерін қарап шығады.
Нақты уақытта қорғау
Нақты уақытта қарап шығу құралы жүйе іске қосылғанда автоматты түрде іске қосылады және сіз өзара әрекеттесетін файлдарды қарап шығады. Ол Жүктеп алу қалтасын және орнатылған немесе жаңартылған бағдарламаларды автоматты түрде тексереді.
ESET LiveGrid© бедел жүйесі
ESET LiveGrid© — құрылғыға қосымша қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге арналған алдын алу жүйесі. Ол үнемі жүйеде орындалып жатқан бағдарламаларды және процестерді дүние жүзіндегі миллиондаған ESET пайдаланушыларынан жиналған деректерге қатысты тексереді. Бұл бізге барлық ESET пайдаланушыларына жақсырақ және нақтырақ белсенді қорғау және қарап шығу жылдамдықтарын ұсыну мүмкіндігін береді. Осы мүмкіндікті қосу ұсынылады.
ESET LiveGrid© кері байланыс жүйесі
Бізге бұлт жүйемізде анықтау механизмін жасау мақсатында автоматты түрде өңделетін күдікті нысандар туралы анонимдік статистиканы, қате есептерін және диагностика деректерін жинау мүмкіндігін береді.
Алынбалы құрал
ESET Mobile Security өнімі USB флэш жадылары, сыртқы қатты дискілер сияқты құрылғыға жалғанған барлық алынбалы құралдарды қарап шығады...
Ықтимал қалаусыз қолданбаларды анықтау
Ықтимал қалаусыз қолданба — жарнамалық бағдарламаларды қамтитын, құралдар тақталарын орнататын, іздеу нәтижелеріңізді бақылайтын немесе басқа анық емес мақсаттары бар бағдарлама. Қалаусыз болуы ықтимал бағдарлама беретін артықшылық тәуекелдерден асып түседі деп ойлайтын кейбір жағдайлар болуы мүмкін. Осы себептен, ESET компаниясы осы бағдарламалар санатына зиянды бағдарламаға қарағанда төмендеу тәуекелді тағайындайды.
Ықтимал қауіпті қолданбаларды анықтау
Функциясы желімен байланыстырылған құрылғыларды басқаруды жеңілдету болып табылатын көптеген заңды қолданбалар бар. Бұл сыныптама қашықтан қатынасу құралдары, құпиясөздерді бұзу қолданбалары және кейлоггерлер сияқты бағдарламаларды қамтиды. Дегенмен қаскүнем адамдардың қолында олар зиянкес мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Дегенмен қаскүнем адамдардың қолында олар зиянкес мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Бағдарламалардың осы санатын бақылау және қаласаңыз, оларды блоктау үшін Ықтимал қауіпті бағдарламаларды анықтау опциясын қосыңыз.
Жаңарту сервері
Бұл опция Бастапқы шығарылым сервері ішінен құрылғыны жаңарту мүмкіндігін береді. Резиз алды жаңартулары мұқият ішкі сынаудан өткен және көпшілікке жақында қолжетімді болады. Сіз соңғы анықтау әдістерін және түзетулерді өзгеден бұрын пайдалана аласыз. Дегенмен бастапқы шығарылым жаңартулары кейде тұрақсыз жұмыс істеуі мүмкін. Ағымдағы бағдарлама модульдерінің нұсқаларын тексеру үшін ESET Mobile Security негізгі экранында «Мәзір» тармағын түртіп, Туралы > ESET Mobile Security тармағын түртіңіз. Негізгі пайдаланушыларға Релиз сервері опциясын әдепкі бойынша қосулы қалдыру ұсынылады.