ESET Mobile Security for Android – Мазмұны

Параметрлер

ESET Mobile Security for Android Негізгі экранында «Мәзір»Гамбургер мәзірі пәрменін түртіңіз (немесе құрылғыда Menu түймесін басывңыз) және Параметрлер тармағын түртіңіз.

Қосалқы көшірме жасау және қалпына келтіру

ESET Mobile Security for Android қолданбасы ESET Mobile Security for Android параметрлерін қамтитын қосалқы көшірме файлын жасау мүмкіндігін береді. Бұл файлды сыртқы құрылғыға жүктеп алып, оны ESET Mobile Security for Android параметрлерін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.

Тіл

Әдепкі бойынша, ESET Mobile Security for Android құрылғыда жүйелік әдепкі ретінде орнатылған тілде орнатылады (Android операциялық жүйесінде Тіл және пернетақта параметрлерінде). Қолданбаның пайдаланушылық интерфейсінің тілін өзгерту үшін «Тіл» опциясын түртіп, қалаған тілді таңдаңыз.

Пайдаланушы келісімі

•ESET LiveGrid® Бағдарламасына ESET LiveGrid® кері байланыс жүйесі туралы қосымша ақпаратты оқуға рұқсат ету үшін, Кеңейтілген параметрлер бөліміне кіріңіз.

•Сараптама қызметіне біздің өнімдерімізді жақсартуға көмектесетін мүмкіндік беру — ESET Mobile Security for Android бағдарламамыз бен қызметтерімізді жақсартуға көмектесетін анонимдік бағдарлама ақпаратын (өнімділік, жұмыс статистикасы) жібереді. Біз жинаған ақпарат туралы толығырақ білу үшін, Құпиялылық саясаты тарауына кіріңіз.

•Деректерді маркетинг мақсаттарында пайдалануға рұқсат ету

Жаңарту

Ең жоғары қорғау үшін соңғы ESET Mobile Security for Android нұсқасын пайдалану маңызды. ESET веб-сайтынан жүктеу үшін жаңарақ нұсқа қолжетімді босла, Жаңарту пәрменін түртіңіз. ESET Mobile Security for Android Бағдарламасын Google Play дүкенінен жүктеп алған болсаңыз, бұл опция қолжетімді болмайды. Бұл жағдайда, өнім Google Play дүкенінен жаңартылады.

Жою

Жою шеберін іске қоссаңыз, ESET Mobile Security for Android бағдарламасы құрылғыдан біржола өшіріледі. Anti-Theft қорғанысы іске қосылған болса, сізден ESET Mobile Security for Android қауіпсіздік PIN кодын/өрнегін немесе саусақ ізін енгізу сұралады. Өнімді қолмен жою үшін, осы бөлімде сипатталған қадамдарды орындаңыз.


Ескертпе

Жоюдан қорғау

Android жүйесінің 7.0 және кейінгі нұсқаларында жоюдан қорғау белсенді емес.