ESET Mobile Security for Android – Мазмұны

Орнату

ESET Mobile Security for Android бағдарламасын ESET веб-сайтынан жүктеуге болады:

ESET логотипі

Я болмаса, сілтемемен өтіңіз немесе мобильді құрылғыңызды және QR сканерлеу қолданбасын пайдаланып төмендегі QR кодын сканерлеңіз:

QR коды

 

Немесе қадамдық орнату нұсқаулығына кіріңіз (бұл мақала ағылшын тілінде және басқа да бірнеше тілде қолжетімді).

ESET Mobile Security for Android Бағдарламасын құрылғыңызға ESET веб-сайтынан жүктелген .APK файлын пайдаланып орнату үшін белгісіз көздерді қосу керек. Нұсқаулар алу үшін біздің Білім базасы мақаламызға кіріңіз (бұл мақала ағылшын тілінде және басқа да бірнеше тілде қолжетімді).

ESET Mobile Security for Android . APK файлын жүктеп алғаннан кейін, жүктеп алған файлды түртіңіз, ESET Mobile Security for Android өнімін орнату пәрменін таңдаңыз және іске қосу шебері қолданба орнатылғаннан кейін автоматты түрде іске қосылады.

Жеке ақпаратты және Android құрылғысының ресурстарын қорғау үшін ESET Mobile Security for Android бағдарламасына құрылғы функцияларына қатынас болуы және кейбір жағдайларда оларды басқару қажет болады. Әр рұқсат түрінің егжей-тегжейлі түсіндірмелерін және оны пайдалану әдісін осы Білім базасы мақаласындағы кестеде қараңыз (Осы мақала ағылшын және бірнеше басқа тілде қолжетімді).


Маңызды

ESET Mobile Security for Android қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына орнату

ESET Mobile Security for Android қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына орнату ұсынылмайды. Бұл қалта құрылғының қалған бөлігінен толық оқшауланған, сондықтан тек осы қалтадағы ғана мазмұн қорғалады. Соның салдарынан ESET Mobile Security for Android қолданбасы өте шектеулі режимде жұмыс істеуі мүмкін.

Егер ESET Mobile Security for Android қолданбасын Samsung Secure Folder қалтасына қоссаңыз, оны бөлек белсендіру қажет болады, яғни ол жазылымдағы бөлек бір орынды пайдаланатын болады.