ESET Mobile Security for Android – Мазмұны

Қолданба құлпымның PIN кодын ұмытып қалдым

Қолданба құлпының PIN кодын ұмытсаңыз және құрылғыңызда саусақ ізі сақталмаған болса, ұрлыққа қарсы Anti-Theft параметрлеріне қарай сізде құлыпталған қолданбаның құлпын ашудың екі опциясы болады:

ESET Mobile Security for Android ішінде Anti-Theft мүмкіндікті белсендірсеңіз:

1.Ашу ESET Mobile Security for Android.

2.Қолданба құлпы мүмкіндігіне өтіңіз.

3.PIN кодын теріңіз. Экранның ортасындағы PIN кодын ұмытып қалдыңыз ба? сұрағын түртіңіз.

4.Егер Anti-Theft мүмкіндігі белсенді болса, ESET HOME құпия сөзін теру сұралады. Құпия сөзді Құпия сөз жолына теріп, Енгізу түймешігін түртіңіз.

5.Жаңа PIN кодын теріп, оны растау үшін ✓ түймешігін түртіңіз.

6.Растау үшін сол PIN кодын қайта теріңіз. Аяқтаған соң ✓ түймешігін түртіңіз.

Anti-Theft мүмкіндігін белсендірмеген болсаңыз, ESET Mobile Security for Android өнімін жойып, қайта орнатыңыз.