Қорғалған веб-сайттар
ESET Internet Security қорғалған браузердің ашылуын іске қосатын алдын ала анықталған веб-сайттардың кірістірілген тізімін қамтиды. Өнім конфигурациясында веб-сайтты қосуға немесе веб-сайттардың тізімін өңдеуге болады.
Қорғалған веб-сайттар тізімін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Браузерді қорғау > Банк төлемдерін қорғау > Қорғалған веб-сайттар > Өңдеу бөлімінде көруге және өңдеуге болады.
Қорғалған веб-сайттар тізіміндегі ережелер белгілі бір веб-сайтты қорғалған браузерде, қалыпты браузерде ашу не ашпау немесе веб-сайтқа кірген сайын сұрау қажет не қажет еместігін анықтайды. Төмендегі Веб-сайтты қосу бөлімінен параметрлер сипаттамасын қараңыз.
Басқару элементтері
Қосу - веб-сайтты белгілі веб-сайттар тізіміне қосуға мүмкіндік береді.
Өңдеу — таңдалған веб-сайттарды өңдеу мүмкіндігін береді.
Жою — Таңдалған жазбаларды алып тастайды.
Импорттау/экспорттау – ќорѓалѓан веб-сайттар тізімін экспорттауѓа немесе оны жања ќђрылѓыѓа импорттауѓа мџмкіндік береді.
Веб-сайт қосу
Веб-сайт беті — Ереже қолданылатын HTTPS веб-сайты.
Осы веб-сайтты келесімен ашу — Веб-сайтқа кіргенде банк төлемдерін қорғау сипатын таңдаңыз:
•Қорғалған браузер — Веб-сайт қорғалған браузерге қайта бағытталады және банк төлемдерін қорғау қызметімен қорғалады.
•Менен сұрау — Веб-сайтқа кіргенде, веб-сайтты қалыпты немесе қорғалған браузерде ашу мүмкіндігін таңдауға болады. ESET Internet Security әрекетіңізді есте сақтай алады немесе браузерді қолмен таңдауыңызға болады.
•Қалыпты браузер — Веб-сайт қосымша қауіпсіздігі жоқ қалыпты браузерде ашылады.