Банк төлемдерін қорғау
Банк төлемдерін қорғау параметрлерін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Браузерді қорғау > Банк төлемдерін қорғау бөлімінде конфигурациялауға болады.
Негізгі
Банк төлемдерін қорғауды іске қосу – Банк төлемдерін қорғау функциясы іске қосылған кезде, барлық қолдау көрсетілетін веб-браузерлері әдепкі бойынша қорғалған режимде іске қосылады.
Браузер қорғау
Барлыќ ќолдау кљрсетілетін веб-браузерлерді ќорѓалѓан режимде іске ќосу џшін Барлыќ браузерлерді ќауіпсіздендіру мџмкіндігін іске ќосыњыз.
Кеңейтімді орнату режимі — Ашылмалы тізімнен ESET жүйесі қорғайтын браузерде орнатылуға рұқсат етілетін кеңейтімдерді таңдауға болады: Кеңейтім орнату режимін өзгерту бұрын орнатылған браузер кеңейтімдеріне әсер етпейді:
•Негізгі кеңейтімдер — Белгілі бір браузер өндірушісі әзірлеген ғана ең негізгі кеңейтімдер.
•Барлық кеңейтімдер — Белгілі бір браузер қолдау көрсететін барлық кеңейтімдер.
Веб-сайттарды қайта бағыттау
Барлық браузерлерді қауіпсіз ету іске қосылғанда веб-сайттарды қайта бағыттау мүмкіндігі қолжетімсіз болады. |
Қорғалған веб-сайттарды қайта бағыттауды қосу – Егер қосылған болса, қорғалған веб-сайттар тізіміндегі және ішкі интернет банкингі тізіміндегі веб-сайттар қорғалған браузерге қайта бағытталады.
Қорғалған веб-сайттар — Қай браузер (қалыпты немесе қорғалған) ашылатынын таңдауға болатын веб-сайттардың тізімі. Әдепкі бойынша қауіпсіз шолу белсенді екенін хабарлау үшін браузердегі ақпараттық хабарландыру мен браузер айналасындағы жасыл жақтау көрсетіледі. Тізімді өңдеу үшін Қорғалған веб-сайттар бөлімін қараңыз.
Веб-сайттарды қайта бағыттау ARM процессорлары бар құрылғылар үшін қолжетімсіз. |
Қорғалған браузер
Жақсартылған жадты қорғауды – Егер қосылған болса, қорғалған браузердің жады басқа процестердің тексеруінен қорғалады.
Пернетақта қорғауын – Егер қосылса, пернетақта арқылы қорғалған браузерге енгізілген ақпарат басқа қолданбалардан жасырылады. Бұл пернетақталық тыңшылардан қорғанысты арттырады.
Браузердің жасыл жақтауы — ажыратылған жағдайда, браузердегі ақпараттық хабарландыру мен браузер айналасындағы жасыл жақтау жасырылады.