Жаңалықтар
ESET Internet Security 16.1 нұсқасындағы жаңалықтар
Intel® Threat Detection Technology
Жадта анықтау функциясын айналып өтуге тырысатын бопсалаушы бағдарламаларды анықтайтын, аппараттық құралға негізделген технология. Оның интеграциясы жүйенің жалпы өнімділігін жоғары деңгейде сақтай отырып, бопсалаушы бағдарламалардан қорғанысты күшейтеді. Сіз Қолдау көрсетілетін процессорларды қараңыз.
Қараңғы режим
Бұл мүмкіндік ESET Internet Security графикалық пайдаланушы интерфейсі үшін ашық немесе қараңғы түстер схемасын таңдауға мүмкіндік береді. Енді негізгі бағдарлама терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышында түстер схемасын ауыстыруға болады.
Жақсартылған банк төлемдерін қорғау
«Барлық браузерді қорғау» режимі өзіңіз ұнататын браузерді пайдалану кезінде төлемдерді, банк транзакцияларын және құпия деректерді қорғауға көмектесетін қолжетімді браузерлерде әдепкісінше қосылады.
Windows 7, 8 және 8.1 жүйелерін қолдау жойылды.
ESET Internet Security 16.1 нұсқасына тек Windows 10 және 11 жүйелерінде қолдау көрсетіледі. Қосымша ақпаратты Microsoft Windows жүйесінің ескірген нұсқасы бөлімінен қараңыз.
Жаңалықтар хабарландыруларын өшіру үшін Кеңейтілген баптау > Хабарландырулар > Жұмыс үстелінің хабарландырулары тармағын басыңыз. Жұмыс үстелінің хабарландырулары опциясының жанындағы Өңдеу түймешігін басып, Жаңалықтар хабарландыруларын көрсету құсбелгісін алып тастаңыз да, OK түймешігін басыңыз. Хабарландырулар туралы қосымша ақпаратты Хабарландырулар бөлімінен қараңыз. |