ESET Internet Security бағдарламасымен жұмыс істеу
ESET Internet Security параметрлерін орнату опциялары компьютердің және желінің қорғау деңгейлерін реттеуге мүмкіндік береді.
Шолу бетінің түсіндірмесін Негізгі бағдарлама терезесінде қараңыз. |

Орнату мәзірі келесі бөлімдерге бөлінген:
Компьютерді қорғау
Интернетті қорғау
Желіні қорғау
Қауіпсіздік құралдары
Тиісті қорғау модулінің кеңейтілген параметрлерін реттеу үшін құрамдасты басыңыз.
Компьютер қорғаныс параметрлерін орнату келесі компоненттерді қосуға немесе ажыратуға мүмкіндік береді:
•Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау — Барлық файлдар ашылғанда, жасалғанда немесе іске қосылғанда, оларда зиянды кодтың бар-жоғы тексеріледі.
•Құрылғыны басқару - Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды қарап шығуға, блоктауға немесе реттеуге және пайдаланушының осы құрылғыға (CD/DVD/USB...) кіру және жұмыс істеу жолын таңдауға мүмкіндік береді.
•HIPS - HIPS жүйесі операциялық жүйедегі оқиғаларды бақылайды және оларға теңшелген ережелер жиынына сай жауап береді.
•Ойыншы режимі - Ойыншы режимін қосады немесе өшіреді. Ойыншы режимін қосқаннан кейін сіз ескерту хабарын (ықтимал қауіпсіздік қаупі) аласыз және негізгі терезе қызғылт сары түске боялады.
•Веб-камераны қорғау — Компьютерге қосылған камераға қатынасатын процестер мен қолданбаларды басқарады.
Интернетті қорғау параметрлерін орнату келесі компоненттерді қосуға немесе ажыратуға мүмкіндік береді:
•Веб-қатынасты қорғау — Қосылған болса, HTTP немесе HTTPS арқылы өтетін бүкіл трафикте зиянды бағдарлама бар-жоғы қарап шығылады.
•Электрондық пошта клиентін қорғау — POP3(S) және IMAP(S) протоколдары бойынша алынатын байланысын бақылайды.
•Спамнан қорғау — Қалаусыз электрондық поштаны, яғни, спамды қарап шығады.
•Антифишингтік қорғау — Пайдаланушыларды құпия мәліметтерді жіберуде басқаруға арналған таратылатын күмәнді мазмұны бар веб-сайттарды тексереді.
Желіні қорғау бөлімі Брандмауэрды, Желілік шабуылдардан қорғауды (IDS) және Ботнеттен қорғауды қосуға немесе өшіруге мүмкіндік береді.
Ќауіпсіздік ќђралдары параметрлерін орнату келесі модульдерді реттеуге мџмкіндік береді:
•Банк тљлемдерін ќорѓау — онлайн транзакциялар кезінде ќаржылыќ деректерді ќорѓауѓа арналѓан браузер ќорѓанысыныњ ќосымша ќабатын ендіреді. Барлыќ ќолдау кљрсетілетін веб-браузерлерді ќорѓалѓан режимде іске ќосу џшін Барлыќ браузерлерді ќауіпсіздендіру мџмкіндігін іске ќосыњыз. Толыѓыраќ аќпаратты Банк тљлемдерін ќорѓау бљлімінен кљріњіз.
•Anti-Theft – Компьютерді ђрланудан не жоѓалудан ќорѓау џшін Антиұры ќызметін іске ќосыњыз.
Ата-ана бақылауы жағымсыз материалды қамтуы мүмкін веб-беттерді бұғаттайды. Сонымен қатар, ата-аналар 40-ға дейінгі алдын ала анықталған веб-сайт санаттарына және 140-тан аса ішкі санатқа кіруге тыйым сала алады.
Өшірілген қауіпсіздік компонентін қайта қосу үшін жүгірткіні
басып, Іске қосылған қауіпсіздік компоненті жасыл ауыстырып қосқыш белгішесін
қамтиды.
Орнату терезесінің төменгі жағында қосымша опциялар қол жетімді. Кеңейтілген орнату сілтемесін әрбір модуль үшін егжей-тегжейлі параметрлерді орнату үшін пайдаланыңыз. Импорттау/экспорттау параметрлері тармағын .xml конфигурация файлын пайдаланып орнату параметрлерін жүктеу немесе ағымдағы орнату параметрлерін конфигурация файлына сақтау үшін пайдаланыңыз.
