Тазалау деңгейлері
Қалаған қорғау модулі үшін тазалау деңгейі параметрлеріне кіру үшін ThreatSense параметрлері (мысалы, Файлдық жүйені нақты уақытта қорғау) опциясын кеңейтіп, Тазалау опциясын басыңыз.
Нақты уақыттағы қорғауда және басқа қорғау модульдерінде мынадай түзету (яғни, тазалау) деңгейлері бар.
ESET Endpoint Security 9 Ішіндегі түзету
Тазалау деңгейі |
Сипаттама |
---|---|
Әрқашан анықталған элементті түзету |
Соңғы пайдаланушының араласуынсыз нысандарды тазалаған кезде анықталған элементті түзету әрекеті. Кейбір сирек жағдайларда (мысалы, жүйелік файлдар) анықталған элементті түзету мүмкін болмаса, хабарланатын нысан бастапқы орнында қалады. Әрқашан анықталған элементті түзету — басқарылатын ортада ұсынылатын әдепкі параметр. |
Қауіпсіз болған кезде анықталған элементті түзету, кері жағдайда сақтау |
Соңғы пайдаланушының араласуынсыз нысандарды тазалаған кезде анықталған элементті түзету әрекеті. Кейбір жағдайларда (мысалы, жүйелік файлдар немесе тазаланған мен вирус жұққан файлдар бар мұрағаттар) анықталған элементті түзету мүмкін болмаса, хабарланатын нысан бастапқы орнында қалады. |
Қауіпсіз болған кезде анықталған элементті түзету, кері жағдайда сұрау |
Нысандарды тазалаған кезде анықталған элементті түзету әрекеті. Кейбір жағдайларда ешбір әрекетті орындау мүмкін болмаса, соңғы пайдаланушы интерактивті ескертуді алады және түзету әрекетін (мысалы, жою немесе елемеу) таңдауы керек. Бұл параметр көп жағдайларда ұсынылады. |
Әрқашан соңғы пайдаланушыдан сұрау |
Нысандарды тазалаған кезде соңғы пайдаланушы интерактивті терезені көреді және түзету әрекетін (мысалы, жою немесе елемеу) таңдауы керек. Бұл деңгей анықтау орын алған жағдайда қандай қадамдарды орындау керектігін білетін тәжірибелі пайдаланушыларға арналған. |