Қашықтан басқарылатын соңғы нүктелер құжаттамасы
ESET бизнес өнімдерін, әрі ESET Endpoint Security қолданбасын бір орталық орыннан желілік ортадағы клиенттік жұмыс станцияларында, серверлерде және мобильді құрылғыларда қашықтан басқаруға болады. 10-нан астам клиенттік жұмыс станциясын басқаратын жүйе әкімшілері ESET шешімдерін орналастыру, тапсырмаларды басқару, қауіпсіздік саясаттарын қамтамасыз ету, жүйе күйін бақылау және қашықтағы компьютерлердегі ақаулықтарға не қауіптерге бір орталық орыннан жылдам әрекет ету үшін ESET қашықтан басқару құралдарының біреуін орналастыруды қарастыруы мүмкін.
ESET қашықтан басқару құралдары
ESET Endpoint Security қолданбасын ESET PROTECT немесе ESET Cloud Administrator арқылы қашықтан басқаруға болады.
Үшінші тараптың қашықтан басқару құралдары
Озық әдістер
- Барлық соңғы нүктелерді ESET Endpoint Security қолданбасымен ESET PROTECT құралымен қосу
- Рұқсатсыз өзгертулерге жол бермеу үшін қосылған клиенттік компьютерлердегі Кеңейтілген орнату параметрлерін қорғау
- Қолжетімді қауіпсіздік мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ұсынылған саясатты қолдану
- Пайдаланушы интерфейсін барынша азайту — пайдаланушының ESET Endpoint Security қолданбасымен әрекеттестігін азайту не шектеу үшін