ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Жаңарту тапсырмаларын жасау туралы

Негізгі мәзірде Жаңарту пәрменін басудан кейін негізгі терезеде Жаңартулар бар-жоғын тексеру пәрменін басу арқылы жаңартуларды қолмен іске қосуға болады.

Сондай-ақ, жаңартуларды жоспарланған тапсырмалар ретінде орындауға болады. Жоспарланған тапсырманы конфигурациялау үшін Құралдар > Жоспарлағыш тармағын таңдаңыз. Әдепкі бойынша, ESET Endpoint Security бағдарламасында келесі жаңарту тапсырмалары іске қосылады:

  • Тұрақты автоматты жаңарту
  • Пайдаланушы жүйеге кіргеннен кейін автоматты жаңарту

Әр жаңарту тапсырмасын қажеттіліктерге сай болатындай өзгертуге болады. Әдепкі жаңарту тапсырмаларына қоса, пайдаланушы жаңа жаңарту тапсырмаларын пайдаланушылық конфгурациямен жасай алады. Жаңарту тапсырмаларын жасау және конфигурациялау туралы қосымша мәліметтер алу үшін Жоспарлағыш бөлімін қараңыз.