ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Нақты уақыттағы қорғау конфигурациясын қашан өзгерту керек

Нақты уақыттағы қорғау – жүйені қауіпсіз сақтаудың ең маңызды компоненті. Оның параметрлерін өзгерткенде үнемі абай болыңыз. Оның параметрлерін ерекше жағдайларда ғана өзгерту ұсынылады.

ESET Endpoint Security бағдарламасын орнатқаннан кейін барлық параметрлер пайдаланушылар үшін жүйе қауіпсіздігінің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін оңтайландырылады. Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру үшін Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Анықтау жауаптары жанындағы DEFAULT түймешігін басыңыз.