ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Нақты уақыттағы қорғауды тексеру

Нақты уақыттағы қорғаудың жұмыс істеп тұрғанына және вирустарды анықтағанына көз жеткізу үшін, eicar.com торабынан алынған сынақ файлын пайдаланыңыз. Бұл сынақ файлы — барлық антивирустық бағдарламалар анықтай алатын зиянсыз файл. Бұл файлды антивирустық бағдарламалардың жұмысын тексеру мақсатында EICAR компаниясы (Еуропалық компьютерлік антивирустық зерттеулер институты) жасаған.

Файлды http://www.eicar.org/download/eicar.com веб-сайтынан жүктеп алуға болады
Осы URL мекенжайын браузерге енгізгеннен кейін, қауіптің жойылғаны жөнінде хабар көрінуі қажет.